Кадрлық өзгерістер

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жаңа басшысы таныстырылды. Ол Нариман Жүнісов болды.

Жаңа басшыны таныстыра отырып, аймақ басшысы Болат Бақауов бұған дейін ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі Министрлігі жанындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2013 жылдан 2016 жылға дейін Нариман Жүнісов орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

– Сіздің осы салада тәжірибеңіз өте зор, – деді облыс әкімі. – Жақын арада біз сіздің жұмысыңыздың нәтижесін көретінімізге сенімдімін

Нариман Жүнісов 1981 жылы туылған. 2003 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін, 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Фото Валерий Бугаев


11/07/2019 251