Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған тайм-менеджмент тренингі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылғы 6 маусымда «Ана тілі» орталығында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған тайм-менеджмент тренингі ұйымдастырылды.

Қазақстандық патриотизм рухындағы тәрбиенің рөлін күшейту, тәрбие мен оқытудың арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған тайм-менеджмент тренингіне екі жыл қатарынан Павлодар қаласындағы балабақшалардың тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысты.

       Тренинг барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, тілге, тарихқа және мәдениетке деген құрметті, жалпыұлттық патриотизмді оқыту мен тәрбилеуді қалыптастыруға бағытталған табыстау, жоспарлау, мақсатты тұжырымдауды дамыту сынды мәселелер қарастырылды.


07/06/2019 100