Мемлекеттік қызмет туралы сауалдарға

              Еgov.kz порталының қолданушыларының сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова жауап берді.  Интернет-конференция «Мемлекеттік қызметке іріктеу, тұру және өту мәселелері, персоналды ынталандыру және дамыту» тақырыбында өтті.  

Сауалдар-жауаптар:

 Жанат Әділбеков: 2018 жылы заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін орындаушылық лауазым бойынша алынған ЖҚБ сертификатымен бос тұрған бөлім басшысы әкімшілік лауазымына конкурсқа қатысуға бола ма? Менің сертификатым 2018 жылы (өзгерістер енгізілгенге дейін) орындаушылық лауазым бюойынша, ал, конкурс басшылық қызметке жаарияланғандықтан менің кандидатурамды әңгімелесуге өткізбей қоюы мүмкін бе?

Айгүл Шаимова: Сіздің өтіншіңіз бойынша Сіз өткен жылы жеке қасиеттерді бағалаудан өткен екенсіз. Ол кезде «Б» корпусының лауазымдарына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеу бағдарламасы екі бағдарламадан: басшылық және орындаушылық лауазымдар үшін,  тұратын еді. Өз кезегінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап, жеке қасиеттерді бағалауды тестілеу бағдарламасы өзгертілген болатын. Атап айтқанда, оғаан шынайылық деңгейін анықтауға арналған сұрақтар қосылып, өту шегі бекітілді. Сонымен бірге, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын типтік біліктілік талаптары сәйкес жаңа талаптар жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды алған тұлғаларға қатысты емес. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалаудың нәтижелері бойынша берілген қорытынды тестілеуден өткеннен кейін бір жыл бойына жарамды.   Осыңған байланысты, Сіздің қолыңызда бар сертификатпен орындаушылық лауазымды атқару конкурсына қатысуға құқығыңыз бар.

Камила Сәдуақасова: Құрметті Айгүл Амантайқызы! Бұған дейін менің 2018 жылғғы 01 тамыз күні сағ. 15:09-да сұхбат алаңының шеңберінде қойған сауалыма Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О.А. Бектенов қол қойған жауап келген еді.  Сауалдың нөмірі: 7804. Маған берілген жауапта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысына сәйкес еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі пилоттық режимде (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық Агенттігінде, Әділет министрлігінде, Астана және Маңғыстау облысының әкімдіктерінде) 2018 жылғы 1-ші қарашадан 31-ші желтоқсан аралығында, 2019 жылғы 30-шы маусымға дейін қызмет ететін бонустар төлеу жүйесін есепке алмағанда, байқаудан өтеді деп айтылды.  Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10-шы қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесінің нәтижелері, оның ішінде осы жүйені барлық жерде енгізу мәселесі де қорытындыланады. Жобаның ауқымдылығын ары қарай арттыру үшін еңбекақыны төлеу шығындарының өсімін оңтайландыру және бюджеттік шығындарды үнемдеу, оның ішінде бағыныштағы ұйымдардың шығындарын үнемдеу арқылы қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты, қазіргі кезде мемлекеттік органдар еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу үшін тиісті қаражат іздестіріп жатыр. Сондықтан, еңбекақы төлеудің осы жүйесіне көшу мерзімдері мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижелерін есепке алу арқылы пилоттық жобаның қорытындысы бойынша анықталады. Осыған байланысты, факторлы-баллдық шкаланы енгізу және оған көшу барлық мемлекеттік органдарда бір уақытта жүргізілмейді деп болжауға бола ма?

 Айгуль Шаимова: Пилоттық жобаның мерзімі ұзартылды. Президент Әкімшілігі жетекшісінің 2018 жылғы 16 қарашадағы тапсырмасына сәйкес осы кезең ішінде мемлекеттік органдардың еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесіне көшуі бойынша бірыңғай механизм құрастырылады.  

Тимур Мұқашев: Әкімшілік мемлекеттік лауазымға жұмысқа тұру бойынша конкурс өткізу Ережелеріне сәйкес әр кандидатпен әңгімелесу барысы жазып алудың техникалық құралдары арқылы бекітіледі. Қалай ойлайсыз? Жұмысқа тұру үрдісін барынша шынайылығы үшін әңгімеелсу барысының бейнежазбасын конкурс жүргізген мемлекеттік ұйымның ресми сайтында орналастыру немесе әңгімелесудің барысынан әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізу мүмкін бе?

Айгүл Шаимова: Сіз дұрыс атап өткендей, әкімшілік мемлекеттік лауазымға жұмысқа тұру үшін конкурс өткізу кезінде мемлекетік лауазымға үміткермнен әңгімелесу барысын техникалық құралдар арқылы бекіту мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттік қызметке іріктеу үрдісін ары қарай жетілдіру шеңберінде Агенттік әңгімелесу барысын онлайн-реимде бекіту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл мәселе өкілетті мемлекеттік органдармен бірге «Жеке мәліметтер мен оларды қорғау» заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігін есепке алу арқылы жүргізіліп жатыр.

Тимур Мұқашев: Айтыңызшы, мемлекеттік қызмет саласындағы өкілетті орган ауылдық жерде тұратын мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғауды көтеру, оның ішінде, мемлекеттік қызметшілерді «Дипломмен – ауылға» бағдарламасында қарастырылған кепілдіктер беру бойынша іс-шаралар қабылдай ма? Бұл шара ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген адамдар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырар еді.

Айгүл Шаимова: Агенттік тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Ауылдық жерде кадрлардың тапшылығын есепке ала отырып, біз мемлекеттік қызметшілер үшін «Дипломмен – ауылға» жобасын енгізу мәселесі бойынша жұмыс істедік. Бұл бастама барлық мүдделі мемлекеттік органдардың тарапынан қолдауға ие болды. Біз «Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасына тиісті түзетулер енгіздік. Қазіргі кезде олар Парламент Мәжілісінде қарауда жатыр.

Тимур Мұқашев: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде белгілі бір мемлекеттік органдарда пилоттық режимде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі құрастырылғаны белгілі. Айтыңызшы, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі факторлық-балдық шкала барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты болады?

 Айгүл Шаимова: Жоғарыда айтылғандай мемлекеттік органдардың еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу мерзімдері мемлекеттік органдардың бюджеттік шығындарды оңтайландыру және үнемдеу жұмысының нәтижелерін есепе алу арқылы пилоттық жобаның нәтижесі бойынша анықталатын болады.

Камила Сәдуақасова: Менің сұрағым факторлық-балдық шкаланы енгізу және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысын ары қарай арттыруға байланысты. Белгілі болғандай, 2018 жылғы қаңтар айынан бастап ФБШ-ы тексеруден өткізу бойынша пилоттық жоба 6 мемлекеттік органда енгізіліп, 2019 жылы олардың қатарына тағы да бірнеше мемлекеттік органдар қосылды. 2019 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде факторлық-балдық шкала тұрақты негізде енгізіліп, оның нәтижесінде лауазымдық еңбекақылар 2,6 есе арттырылды. Осыған байланысты менің келесідей сұрағым бар:  қалған барлық мемлекеттік органдар үшін ФБШ қай жылдан бастап енгізілетін болады? Барлық мемлекеттік қызметшілер еңбекақыны жаңа факторлық-балдық шкала бойынша қай кезде ала бастайды?

Айгүл Шаимова: Расында да, Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап кейбір мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі, Агенттік, Астана қ. мен Маңғыстау облысының әкімдіктері, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы мен Шымкент қаласының әкімдіктері) пилоттық режимде факторлы-балдық шкала мен бонустарға негізделген еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Жобаның аяқталу мерзімі  2019 жылғы 31 желтоқсан. Жобаның ауқымдылығын ары қарай арттыру үшін еңбекақыны төлеу шығындарының өсімін оңтайландыру және бюджеттік шығындарды үнемдеу, оның ішінде бағыныштағы ұйымдардың шығындарын үнемдеу арқылы қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты, қазіргі кезде мемлекеттік органдар еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу үшін тиісті қаражат іздестіріп жатыр. Сондықтан, еңбекақы төлеудің осы жүйесіне көшу мерзімдері мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижелерін есепке алу арқылы пилоттық жобаның қорытындысы бойынша анықталады.


10/04/2019 222