Министрлер Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі

8 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барады.

Жұмыс тобының құрамына үкіметтің әлеуметтік блогының: Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшылары кіреді.

 

 

Павлодар мен Ақсу қаласының ауылдық аймағында жұмыс тобының мүшелері халықпен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлерімен және жастармен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар, Үкімет мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды.

Сапардың негізгі мақсаты – Елбасының “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру туралы өңір тұрғындарын ақпараттандыру. Бұған дейін үкіметтік жұмыс тобының өкілдері Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарымен кездесті.


07/11/2019 89