Мыңнан астам адам павлодарлық 103 қызметінде алғашқы көмек көрсету бойынша базалық білім алды

 Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының дәрігер-реаниматологтары үш ай бойы еңбек ұжымдары үшін оқу тренингтерін өткізеді.
Тренингке қатысқандардың қатарында көптеген павлодарлықтар жиналатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сауда орталықтарының және азық-түлік сату орындарының жұмысшылары бар. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары ХҚКО және құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды.

– Біз үшін халықты біздің курстармен көбірек қамту маңызды, өйткені адамға көмек кәсіпорында, дәмханада, дүкенде қажет болуы мүмкін, – дейді жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко. – Негізі, әркім алғашқы көмекті көрсете білуі керек.

Орталық жағажайда өткен Денсаулық күні 103 қызмет қызметкерлері өз жұмыстарын тағы да көрсетті. Бірнеше сағат ішінде 130 адам оқытылды. Тыңдармандар арасында № 2, 3, 11, 29, 41 мектеп оқушылары және ПМУ колледжі мен медициналық колледж студенттері болды


16/09/2019 117