«Нұр Отан» партиясы – жетекші саяси күш

Бірінші Президент күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партияға салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Сонымен қатар кездесуде үздік бастауыш партия ұйымдары ерекше аталып өтті.

Партия мүшелерінің қатарына қабылданғандардың арасында – спортшылар, БАҚ қызметшілері, дәрігерлер, бизнесмендер және т.б. болды. 28 адамды партиялық билетті алумен құттықтаған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының басшысы Болат Бақауов партияластарды Бірінші Президент күнінің қарсаңында құттықтап жатқанына қуанышты екенін айтып өтті.

– Күнтізбеде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнінің пайда болуы – бұл Ұлт көшбасшысының ауқымды басқаруының, қазақстандық мемлекетті құрғанының және азаматтық қоғамымыздың толықтай қалыптасуының айқын көрінісі, – деді ол. – «Нұр Отан» Партиясының қалыптасу тарихы Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 2019 жылы «Нұр Отан» партиясы өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Өз мерейтойына партия 1 миллионнан астам адамды біріктірген күшті топпен келеді. Олардың қатарына 60 мың павлодарлық кіреді.

Кездесуді қорытындылай келе, Болат Бақауов «Үздік бастауыш партия ұйымы» сайысының жеңімпаздарын дипломдармен және кеңсе техникасымен марапаттады.


30/11/2018 279