Облыс әкімі Баянауыл ауданының су басу қаупі бар жерлерін аралап ұшып шықты

Павлодар облысының әкімі өзінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімхановпен және ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегеновпен бірге су тасқыны қаупі барынша жоғары аумақтарды қарап шығып, екі өңір шекарасында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда бірлескен іс-қимылдарды талқылау үшін Қарағанды облысының басшылығымен кездесті.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Сәтбаев, Мұса Шорманов, Көкдонбақ және Жаңажол ауылдарындағы ахуал жайында хабарлады. Осы және басқа елді мекендерден қар шығару жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізілуде. Барлық су өткізу құбырлары тазартылды. Су деңгейін үздіксіз өлшеу тұру үшін бес гидробекет орнатылды. ТЖ жағдайына 14 мың дана қап, 500 тонна инертті материал және 10 тонна жанар-жағар май дайындалды. Бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы шұғыл әрекет ету үшін ауданда орналасқан.

Павлодар облысының әкімі Қалқаман-Баянауыл-Үміткер–Ульяновский республикалық маңызы бар жолдың 101 және 105 шақырымында болып қайтты. Мұндағы жағдай туралы «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдин баяндады. Бұл жерде сондай-ақ төтенше жағдай кезінде су тасқынын оқшаулаудың нақты жоспары бар. Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, бұл учаскелердің проблемасы жүйелі шешімді қажет етеді. Республикалық бюджеттен кезең-кезеңмен қаражат бөлу басталды: осы учаскедегі жол деңгейі көтеріліп, көпір салынады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Әбілқайыр Сқақов Ащысу өзенінің ағысын көріп, «Ақжар» бөгеті ауданында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесу өткізді. Олар екі облыс шекарасындағы су тасқыны кезеңінде өзара іс-қимыл және бірлесіп әрекет ету мәселелерін талқылады.

Жалпы алғанда, Павлодар облысының әкімі айтып өткендей, жағдай жіті бақылауда. Су тасқыны қаупі бар аймақтарда ТЖ қызметтері және басқалары да сақадай сай.

Биылғы жылы топырақтың қату деңгейі судың жылдам сіңуіне ықпал етеді және қазіргі ауа райы қиын жағдайларға ұшыратпайды. Егер бір апта бойы осындай ауа райы сақталса, мамандар еш қиындыққа тап болмаймыз деген болжамда.


21/03/2020 2,118