Облыс денсаулық сақтау саласының 2017 жылғы 10 айдағы ахуалы

2017 жылғы 1 қарашаға облыста Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің 348 медициналық нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 44 заңды тұлға, 20 ауруханалық ұйым, 5 диспансер, 15 амбулаторлық-емханалық ұйым және басқа 5 медициналық ұйым.

2017 жылғы 1 қарашадағы ахуал бойынша 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамтамасыз етілу 30,7, орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілу – 89,1.

Облыста жас мамандарды тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Медициналық ұйымдардың басшылары жыл сайын жоғары оқу орындары ұйымдастыратын «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне» барып, жоғары курс студенттерімен кездеседі және үш жақты келісімшарттарға қол қойысады.

2017 жылғы 1 қарашадағы ахуал бойынша Павлодар облысына медициналық жоғары оқу орындарының 118 түлегі келіп, Павлодар қаласына – 79, Екібастұз қаласына – 9, Ақсу қаласына – 4, аудандарға 26 жас маман жұмысқа орналастырылды.

208 орта медициналық қызметкер келді. Олардың ішінен Павлодар қаласына -150, Екібастұз қаласына – 223, Ақсу қаласына – 3, аудандарға – 32 (Ақтоғай – 4, Баянауыл – 3, Железин – 3, Ертіс – 2, Качир – 3, Лебяжі– 2, Май – 3, Павлодар – 4, Успен – 5, Шарбақты – 3) маман жұмысқа орналастырылды. Орта медициналық қызметкерлер тапшылығы жоқ.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға республикалық бюджеттен 70 АЕК (158 830 теңге) жәрдемақы төлеу қарастырылған. 2017 жылы 68 маманға жалпы сомасы 10,8 млн. теңге жәрдемақы бөлінді (2016 ж. – 75 маманға – 11, 1 млн. теңге).

Халықтың қоныс аударуын қолдау мақсатында және «Жұмыспен қамту–2020 жол картасы» бағдарламасына сәйкес халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңiрдің денсаулық сақтау саласы мамандарын солтүстiкке жұмысқа орналастыру аясында орталық аудандық ауруханаларға (Ақтоғай, Железин, Успен, Шарбақты) 5 маман келді. Олардың ішінде 1 отоларинголог, 1 фельдшер, 3 медбике бар.


06/12/2017 510