Облыстық «Ақберен» байкауының жұлдыздары

Облыстық білім беру басқармасының және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 15 қаңтарда дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында облыстық «Ақберен»  байқауы өтті. Байқауға 10 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты. Олардың арасынан 39 оқушы оза шықты.

Шешендік өнер бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Баянауыл ауданы З.Ақышев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мүбарак Айдана; ІІ дәрежелі дипломмен  дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы Асығатұлы Шынғыс, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Нығметулла Камила; ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Хаманай Асхат, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Ахметова Адия, Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Нығмет Айтолқын, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Жомартов Мейрам марапатталды.

Көркем сөз оқу бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Оразбаев Марлен; ІІ дәрежелі дипломмен дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Даулетқан Нұр, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Төреханұлы Алтынбек; ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Дарханбеков Жомарт, Баянауыл ауданы №1 Майқайын орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дәулетбек Ақерке, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының  11 сынып оқушысы Илимхан Ақерке марапатталды..

Шығарма жазу бағыты бойынша І дәрежелі дипломға Успен ауданы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бердмұрат Марат; ІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Ерғали Назерке, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қаирбаева Айдана; ІІІ дәрежелі дипломға «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Мұхаметжан Аружан, Ақсу қаласы №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Оспан Толқын, Павлодар қаласы №33 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құнашева Ділнұр ие болды.

Ақындар мұшәйрасы бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гүлнәр Жанболат; ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ермекұлы Ернұр, дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Феримхан Архалық, Ертіс ауданы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сериг Иса, ІІІ дәрежелі дипломмен Май ауданы Ақжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Саттибай Марал, Аққулы ауданы Лебяжі орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тілеген Айбек, Железин ауданы №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мұхаметқали Айдана, Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мектепхан Сыдых марапатталды.

Ұлттық аспапта ойнау бағыты бойынша І дәрежелі дипломға «Музыкалық колледж  дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының» 8 сынып оқушысы Ахат Ахмади; ІІ дәрежелі дипломға Павлодар ауданы Красноармейка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кабиденов Алдияр, Екібастұз қаласы № 22 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Аллажарова Динара, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Арынов Даниял; ІІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Серік Бексолтан, Май ауданы Көктөбе орта мектебінің 8 сынып оқушысы Оразбай Айгерім, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Бәкір Дария, Теренкөл ауданы Қ.Оспанов атындағы № 3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нургазинова Зарема ие болды.

Ақындар айтысы бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Базарбай Азамат; ІІ дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласы № 22 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Қайдаров Бексултан; ІІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат, Аққулы ауданы Абай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Имантай Мағзым марапатталды.

І дәрежелі дипломға ие болған 6 оқушы 2019 жылғы сәуір айында өткізілетін республикалық «Ақберен» байқауына жолдама алды.


16/01/2019 456