Облыстық ТЖ департаментінің басшысы ауысты

Павлодар облысының ТЖД басшысы болып бұған дейін Ақтөбе облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Ернұр Өтегенов тағайындалды.  

Жаңа басшыны ҚР ІІМ-ің ТЖ бойынша Комитетінің басшысы Владимир Беккер таныстырды.  Ернұр Өтегенов 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданының Талдыапан ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-ің Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Көкшетау теникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы тәмамдады.

Ернұр Өтегенов еңбек жолын 1998 жылы Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауданындағы №15 өрт сөндіру бөлімінде өрттің алдын алу тобының инспекторы болып бастады. 2002-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы 1-ші жасағының тергеу  тобының тергеушісі, Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің аға инженері болып жұмыс істеді. 2006-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап қазіргі күнге дейін  Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды.  


04/03/2019 42