Партисипаторлық бюджеттеу

Жалпы Павлодар облысы бойынша 126 ауылдық округте дербес бюджеттерді іске асыру жоспарлануда.

 Кент әкімдіктер әкімдерінің халық саны облыстың 2 мыңнан астам              32 ауылдық елді мекенде жергілікті мәнінің өзекті мәселелерін шешуде дербестігін жүйелік нығайту үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап дербес бюджеттер бекітілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың  (ЖӨБ) қаржылық дербестілігі үшін ауыл бюджетіне салықтың және басқа салықтық емес түсімдердің 7 түрі берілді.

Бағыттардың 19 түрі бойынша ЖӨБ шығыстары қаржыландыратын қаражат есебінен. Бұл білім беру, әлеуметтік көмек, тұрғын үй – коммуналды шаруашылық, мәдениет, дене тәрбиесі-сауықтыру іс-шаралары, құрылыс, жолдарды жөндеу және ұстау т.б.

Ағымдағы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық бюджеттердің жалпы көлемі  5,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен субвенция – 2,9 млрд. теңге.

Қалған 94 ауылдық елді мекенде дербес бюджетті  2020 жылдың                     1 қаңтарынан бастап жоспарлауда.

Ауылдық округтердің дербес бюджеттерін сәтті түгел-дерлік енгізу үшін облыста қалалар мен аудандар, ауылдық округтер, облыстық және аумақтық мемлекеттік органдар әкімдерінің кезеңмен бірлескен жұмысын көздейтін    4-ші бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жыл сайын әзірленеді.

Өткен жылдың сәуірінде облыстық деңгейде 4-ші деңгейлі бюджетке өткен құрамына аумақтық және облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері кірген ауылдық округтердің әкімдіктеріне көмек көрсету жөнінде Жұмыс тобы құрылды.

 

Жұмыс тобы дербес бюджеттердің орындалу процестерімен байланысты мәселелерді шешуде орындарда тәжірибелік көмек көрсету мақсатында аудан және қалаларға шығуларды жүзеге асырды.

 

2019 жылғы сәуірде облыс әкімінің төрағалығымен ауылдық елді мекендердің, аудандардың, қалалардың әкімдерімен сондай-ақ, өкілетті облыстық және аумақтық мемлекеттік органдарымен 4-ші деңгейлі бюджеттің мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Ауылдық әкімдермен кеңесте проблемалық мәселелер талқыланды және дербес бюджеттерді дерлік сәтті енгізу үшін өкілетті органдардың ары қарай іс-әрекеті түзетілді.

Жыл сайын 2017 жылдан бастап барлық деңгейлердің өкілетті органдармен тұрақты негізде құқықтық қаржылық және компьютерлік сауаттылықты көтеру бойынша ауылдық әкімдермен және олардың аппарат қызметкерлерімен семинарлар өткізіледі.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын филиалы жыл сайынғы негізде жергілікті өзін-өзі басқарудан дербес бюджетін және коммуналдық меншік мәселелері бойынша ауылдар, кенттер және ауылдық округтердің әкімдерін және мамандарын оқыту жүргізіледі.

Қазіргі уақытта облыстың барлық өңірлерімен  2020-2022 жылдарға арналған ауылдық бюджеттерді жасау бойынша жұмыс басталды.

Ауылдық округтердің шығыстар лимиті облыс экономика және қаржы бөлімдерімен өңірлердің бюджеттік комиссияларында қаралды және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына жеткізілді.

1-ші қыркүйекке дейін ауылдық бюджеттердің жобалары жергілікті қауымдастықтардың тиісті жиналыстарымен келісімделеді, облыстың аудандар және қалаларының бюджеттік комиссиясында қарастыру үшін ұсынылатын болады және ары қарай заңнамамен анықталған мерзімде бекітілді аудандық (қалалық) бекіту туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихат шешіміне қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей).

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды баяндау үшін 2018 жылғы наурызда облыс әкімінің орынбасары және облыстық бұқаралық ақпараттар құралдары қатысумен брифинг өткізілді.

2018 жылғы қазанда облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқарама басшысының орынбасары И.П. Назарчук «Ауылдық округтердің дербес бюджеттерін енгізу жұмысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.

2019 жылғы маусымда 4-ші деңгейлі бюджетті енгізудің қорытындылары туралы ақпарат  «Сарыарқа Самалы» мен «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінде жарияланды.

2019 жылғы қазанда  облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқарамасы басшысының қатысумен «Ауылдық округтердің дербес бюджеттерін енгізу жұмысын жалғастыру туралы» брифинг өткізу жоспарланды.

Бекіту процесінде 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық бюджеттер туралы мәслихат шешімдерінің барлық жобалары ашық нормативтік – құқықтық актілер порталында халықтың көпшілік алдында талқылау рәсімінен өтті.

Сондай-ақ, қолжетімді түрде ауылдық бюджет бойынша ақпаратты халыққа жеткізу мақсатында азамматтық бюджеттер әзірленді және аудандар әкімдерінің немесе қалалар мен аудандардың экономика бөлімдерінің сайттарында орналасты.

Бюджеттік процеске азаматтардың қатысуы нәтижесінде қажетті кері байланысты қамтамасыз етеді және салдарынан – азаматтардық мұқтаждықтарына бюджеттік саясаттың сәйкес келуі.

 


25/07/2019 53