Павлодарға 298 жыл толды!

Ertis Promenade сахнасында Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов павлодарлықтарды қала күнімен құттықтап, шаһарымыздың гүлденуіне үлес қосқан тұрғындарға «Құрметті азамат» атағын берді. Ertis Promenade сахнасында Павлодар мен Омбының шығармашылық ұжымдары қатысқан ауқымды театрланған қойылым көрсетілді.

– Қаламыз инвесторлардың арқасында қарқынды дамып келеді. Олар біздің Павлодарымыздың гүлденуі мен абаттандырылуына жұмсалатын қаражат әкеледі, – деді Нұржан Әшімбетов. – Әрбір павлодарлық қаламыздың көркеюіне үлес қоса алады, осы жолда еңбек етіп жүрген барлығыңызға алғыс білдіремін! Қаламызды одан әрі гүлдендіреміз!

Осы күні Ertis Promenade сахнасында «Павлодардың Құрметті азаматы» атағы Ертіс өңірінің тоғыз тұрғыны мен ақсақалына Павлодар қалалық мәслихатының кезекті 37-сессиясының шешіміне сәйкес берілді. Нұржан Әшімбетов екіжақты қарым-қатынастың дамуына үлес қосқан Омбы мен Новосібір мэрларын марапаттады. Сондай-ақ павлодарлықтардың өздеріне қала дамуына үлес қосқаны үшін Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар таратты.

«Құрметті азамат» атағы тоғыз қала тұрғынына берілді, оның ішінде Қайырбек Базарбеков, Виктор Поликарпов, Айтқазин Телман, Генадий Могилевцев, Мақсат Алинов және тағы басқалары бар. «Құрметті азамат» атағын 2003-2009 жылдары қаламызға басшылық еткен Бәкір Демеуов те алды.  Пәтер сертификаты учаскелік инспектор Арман Рахметовке бұйырды. Павлодарлық бизнесмендер «Жайлы Павлодар» мен «Жаңа өндіріс» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.


16/07/2018 352