Павлодар қаласы бойынша саяхат сабағы өтті

Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазақ тілінің  флеш-тренинг курстары аясында Павлодар қаласы бойынша трамваймен саяхат сабағы өтті.

Курсқа қатысушылар өткен тақырыптарды қайталай отырып, қаланы аралап танысып және сурет арқылы көргендерін жеткізді. Кейін өз ойларын шығармашылық тұрғыда жазып жеткізді. Жалпы аталған курс флеш-тренинг стилінде шығармашылық, эстетикалық, музыкалық бағытта тілді үйренуді көздейді.

Сабаққа мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері, әдіскерлері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


11/06/2019 92