“Павлодар” АЭА үздік деп танылды

Бүгін “Павлодар” арнайы экономикалық аймағы төрт номинацияда жеңіске жетті: “Алюминий кластерінің ең тартымды аймағы”, “Қарқынды дамып келе жатқан аймақ”, “Жаңа инвестициялар” және тағы да өзінің “2019 жылғы Үздік ресурстық-шикізат базасы” мәртебесін FinancialTimes іскерлік әлемнің жетекші газеті редакциясының FDI (ForeignDirectInvestment) мамандандырылған журналының нұсқасы бойынша тағы да растады.

     

     FDi журналы бүкіл әлемдегі АЭА дамуын талдайды және әлемдегі ең перспективалы еркін аймақтарды анықтайды. Бұдан басқа, судьялар алқасы “Павлодар” АЭА “Азияның ірі ойыншылары” санатында “жоғары бағаланған”деп таныды.

     fDiMagazine – бұл экономиканың жекелеген салалары бойынша ғаламдық инвестициялық белсенділіктің қазіргі заманғы бақылаушысы және әлемдегі экономикалық аймақтардың өзіндік рейтингін қалыптастырады. Журналдың аудиториясы – инвестициялық қорлар, банктер, трансұлттық корпорациялар, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялардың таралуы байланысты болатын саяси және бизнес элита өкілдері. Жиынтығында журналды тұрақты негізде оқитын 500 млн – нан астам әлеуетті инвесторлар бар.

   -Осы журналдағы номинацияны алу кез-келген бизнес пен өндіріс үшін жоғары сапалы және қол жетімді шикізаттың болуына байланысты Павлодар арнайы экономикалық аймағының бизнесті дамыту үшін тартымды халықаралық инвестициялық алаң ретінде мәртебесін анықтайды, – деп мәлімдеді АЭА басқармасының төрағасы Әлібек Несіпбеков. – Fdi- дің оң бағасы – бұл баспа бетіндегі жол ғана емес: журнал рейтингі үздік сарапшылар мен жаһандық бизнес элитасы болып табылады.   Ол сонымен қатар аймақ ресурстарға бай: көмір, алюминий және өндірілген электр қуатының үлкен қоры бар екенін атап өтті. – Павлодар облысы Қазақстанның минералды-шикізат кешеніндегі жетекші орындардың бірін иеленеді, бұл «2019 жылдың үздік ресурстық базасы» мәртебесі тағы да растап тұр, – деді Әлбек Несіпбеков.  

 

       

        Қазіргі уақытта “Павлодар” АЭА аумағында әлемнің ондаған елдеріне экспортталатын 30-ға жуық өнім түрі шығарылады. Өз кезегінде, АЭА-да шығарылған өнімдер шетелде өзін жақсы жағынан танытты, бұл түпкілікті тұтынушы үшін жоғары сапа мен қолайлы бағаның байланысымен ерекшеленді. Бүгінгі таңда АЭА қатысушылары арасында ұйымдастырылған өндірістік кооперация, салықтардың негізгі түрлерінен босату (ҚҚС, КТС, мүлік салығы, жер салығы) және кедендік баж салықтарының болмауы бизнесті бастау үшін еркін өндіріс орнын алғысы келетін шетелдік кәсіпкерлер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Әлбек Несіпбеков атап өткендей, “Алюминий кластерінің ең тартымды аймағы”, “Қарқынды дамып келе жатқан аймақ”, “Жаңа инвестициялар” номинациялары алюминий кластерін дамытуға инвесторлар іздестіруге қосымша серпін береді. – Павлодар облысы Қазақстандағы жалғыз алюминий өндірушісі және оны әрі қарай қайта өңдеуге үлкен мүмкіндіктер береді. Бүгінде АЭА аумағында ГиссенХаус – легирленген алюминий өндірісі, “Вектор-Павлодар” ЖШС – автомобильдерге арналған жеңіл балқытылатын алюминий дискілер сияқты жобалар іске асырылды. Алюминий профильдерін, фольга, алюминий радиаторларын өндіруге арналған жобалардың пулы бар. Жылдың Үздік ресурстық-шикізат базасының мәртебесі (Besources&rawmaterialsbaseof 2018) – fDi рейтингісінің негізгі және аса маңызды номинацияларының бірі: бұл ұтымдылық инвестор үшін жарыста негізгі ұпай болып табылады, – деді Әлбек Несіпбеков.

Фото inbusiness.kz  және “Павлодар” АЭА»  ұсынылған


17/10/2019 133