«Павлодар» АЭА бүкіләлемдік арнайы экономикалық аймақтар ұйымының ресми өкілі мәртебесіне ие болды

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы бүкіләлемдік World Free Zones Organization ұйымының Орта Азиядағы өкілі мәртебесіне Солтүстік Македонияда өтіп жатқан саммиттің кезінде ие болды.

Арнайы экономикалық аймақтардың еуропалық саммиті Скопья қаласында өтті. Бүкіләлемдік арнайы экономикалық аймақтардың ұйымының өкілдері «Павлодар» АЭА-ың қызметін бұрыннан бақылап келе жатқандарын атап өтті.

– Біз үшін Орталық Азиядағы өкілдіктің маңызы зор. Үйткені, ол бірнеше мемлекеттің аумағын қамтитын ірі өкілдік. «Павлодар» АЭА ұсынып отырған өңірлік кеңсені ұйымдастыру стратегиясы біз үшін аса тиімді болып отыр, – дейді  World FZO бас директоры Самир Хамроуни. – Біз өз кезегімізде өңірлік кеңсенің жұмысы «Павлодар» АЭА-ың қарқынды дамуына септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Өңірлік кеңсе мәртебесіне ие болу бүкіләлемдік ұйымның азат экономикалық аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ, әлем бойынша инвестициялар тартуға және стратегиялық әріптестерді іздестіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде  World Free Zones Organization ұйымының өңірлік кеңселері Испания, Қытай, Иордания, Марокко, Аргентина, Үндістан, Сербия және Нигерия елдерінде бар.

         – Бұл лайықты таңдау деп ойлаймын, – деп атап өтті WorldFZO ұйымының Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік менеджері Ника Манукова. – «Павлодар» АЭА-ың менеджментінің нақты даму стратегиясы бар және басшылық оны сауатты жүргізіп келеді. Мен арнайы экономикалық аймақтың басшысы Тұрсынғалиев Айбекті бұрыннан танимын. Оны арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың үздік мамандарының бірі деп есептеймін. Мұндай деңгейдегі менеджментпен екі жақты даму жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

         World Free Zones Organization – азат экономикалық аймақтардың мүддесін әлем бойынша қорғайтын жаһандық коммерциялық емес ұйым. World FZO-ың негізгі миссиясы арнайы экономикалық аймақтарды біріктіріп, әлем елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


03/05/2019 206