«Павлодар» АЭА аумағында қалдықтарды өңдеу зауыты пайда болады

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында  Қазақстандағы алғашқы қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарататын зауыт салынады.

Экологиялық жағдай және ресурстарды үнемдеу мәселесі өзекті болғандықтан қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату тұрақты түрде назарда тұрады.

– Бұл жобаны жүзеге асыру жеке инвесторлардың инвестициялары есебінен инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бөлінген 150 млн. теңгедей бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді «Павлодар» АЭА басшысы Айбек Тұрсынғалиев. – Жоба шаруашылық қызметтің қоршаған орта және халықтың денсаулығына әсер ету қаупінің дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілген іс-шаралардың толық кешенін іске асырды, бұл өз кезегінде қалдықтарды қауіпсіз жою және кәдеге жаратуды қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық жоба «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылып, оның мерзімінен бұрын іске асырылуы мемлекеттік бюджетті үнемдеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ инвесторлардың шығындарын өнеркәсіптің қалдықтарын қайта өңдеу және тасымалдау үшін азайтады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда қалдықтарды сұрыптап, оларды қайта өңдеумен айналысатын 130-дан астам кәсіпорындар бар.

 

Суретті түсірген Әлібек Жиеналинов

 


12/06/2019 36