Павлодар облысы бойынша 2017 жылғы 11 айдаға инфекциялық, паразиттік сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

2017 жылғы 11 айдың қорытындылары бойынша инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық тұрақты денгейде сақталып отыр.

Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуі және топтық жағдайлары тіркелген жоқ.

Іш сүзегі, полиомиелит, дифтерия,  қызамық, қызылша, паротит, сіреспе жағдайлары тіркелген жоқ.

Сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 18%, дизентерияның көрсеткіші 13%, этиологиясы нақтыланбаған  ішек инфекциялары 49%, этиологиясы нақтыланған басқа ішек инфекциялары 38% төмендеді.

Сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 халық санына 14,9, дизентерияның көрсеткіші 8,3, жіті ішек аурулардың нақтыланған түрі 14,5, нақтыланбаған түрі 3,2 құрады.

Менингококк инфекциясының бір жағдайы және көкжөтелге қарсы егілмеген балалар арасында 5 жағдай тіркелді.

Жіті вирустық гепатитінің 21 жағдайы анықталды. Оның 18 жағдайы жіті вирустық гепатит «А», 1 жағдай жіті вирустық гепатит «В», 2 жағдай вирустық гепатитінің нақтыланбаған түрі.

Созылмалы вирустық гепатиттің 47 жағдайы тіркелді, 15 тұлғада  созылмалы «В» вирустық гепатит, 32 тұлғада созылмалы «С» вирустық гепатит түрі анықталды.

Паразиттік аурулардан трихоцефаллёз, трихиниллёз, токсоплазмоз тіркелген жоқ. Лямблиозбен зақымдалғандардың саны 12,5%, энтеробиозбен 14,6%, сторнгилоидозбен 55%, описторхозбен 30% төмендеді. Аскаридозбен 15, альвеококкозбен 1 және  дерматомикозбен 279 жұқтырылған тұлға анықталды.

Инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық бойынша тұрақты жағдайды ұстап қалу мақсатында  алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 655 білім беру және тәрбиелеу объектісіне, медициналық ұйымға жоспардан тыс тексеру жүргізілді және анықталған бұзушылықтар бойынша 183 айыппұл салынды. 278 семинар жүргізілді, жергілікті атқарушы органдарға 352, басқа мекемелер мен қызметтерге 1382  ақпарат жіберілді. Баспа басылымдарына 77 мақала дайындалып, жіберілді, 265 мақала ресми сайтқа орналастырылды, 88 дөңгелек үстел (мүдделі ұйымдардың, қызметтердің, ведомстволардың, қоғамдық бірлестіктердің, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен) өткізілді, көрнекі құралдарына 43 мәтін дайындалып, әзірленді, 22 мың 955 тұлға арасында сауалнама жүргізілді. Телеарнадан 48 астам сөз сөйлеу, 168 науқан жүргізілді, көп адам жиналған орындарда (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық көлікте) 434  радиодәріс оқылды. 4 мыңнан  астам дәріс оқылды, 8 мыңнан астам әңгіме жүргізілді.


11/12/2017 561