Павлодар облысындағы тіркелген еңбек нарығындағы ахуал туралы ақпарат

2017 жылғы 1 шілде жағдайына облыс бойынша 7186 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 4775 тұрақты (66,4%).

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа бағдарламалардың іс-шаралары енгізілген Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі 2017 жылға арналған Павлодар облысының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылады.

2017 жылы өткен кезең ішінде 18843 жоспар бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен 9691 адам (51,4 %) қамтылды, соның ішінде бағдарламасы бойынша – 1729 адам (жоспар-3879).

2017 жылғы 1 шілде жағдайына облыс бойынша 4287 бос жұмыс орны бар.

Облыс жұмыспен қамту органдарының есебіне 3670 жұмыссыз алынды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,9 %-ды құрайды.


18/07/2017 416