Павлодар облысында қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы ауысты

Аймақтың жаңа әскери комиссары болып Есімов  Бауыржан тағайындалды.

Кадрлық ауыс-түйіс туралы облыстық әкімдікте өткен жиында аймақ басшысы Болат Бақауов хабарлады. Ол Бауыржан Есімов жаңа тағайындауға дейін қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары болып істегенін, осы салада мол еңбек тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі өңірлік полиция департаментінің жаңа басшысы Нұрлан Мәсімовті таныстырды. Оны бұл лауазымға осы аптаның басында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тағайындаған болатын.

 

Бауыржан Есімов 1979 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар. 1999 жылы Киров әскери авиациялық-техникалық училищесін «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын техникалық эксплуатациялау» мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылы Орталық-Қазақстан академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтады.

1999 жылғы мамырдан 2007 жылдың мамыр айына дейін №01852 әскери бөлімшенің техникалық-эксплуатациялық бөлімінің регламент және жөндеу тобында аға авиациялық техник, борттық авиациялық техник, тікұшақ эскадрильясы тікұшақ звеносының авиациялық техник-нұсқаушысы, Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілерді әскерге шақыру бөлімінің аға әскери маманы  болып қызмет етті.

2007 жылғы мамырдан 2008 жылдың ақпан айына дейін Ақмола облысы Еңбекшілер ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің мобилизациялық даярлық және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы болып еңбек етті.

2008 жылғы мамырдан 2018 жылғы мамыр айына дейін Еңбекшілер ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, Көкшетау қаласы қорғаныс істері жөнідегі басқармасының бастығы және Ақмола облысы Степногорск қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымдарын атқарды.

ІІІ, ІІ және І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдерімен марапатталған.

 

Павлодар обылсы әкімінің баспасөз қызметі  

Суретті түсірген Валерий Бугаев

 


06/11/2019 57