Павлодар облысында ҰОС қатысушыларын әлеуметтік қорғау туралы

2017 жылғы 1 шілдеде Павлодар облысында 112 мыңнан астам зейнеткер тұрады, соның ішінде 137 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, 2016 – соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, 7685 – 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен адамдар тұрады.  

Облыстың қалалар мен аудандарында соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, тіс протездеуге, тұрғын үйді жөндеуге, бұқаралық ақпарат құралдарының баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыруға арналған шығындардың орны толық толтырылады.

2017 жылдың ішінде ҰОС-ның 3 қатысушысына пәтер кілті берілді. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар жоқ, ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударушылар объектілерді пайдалануға енгізу шаралары бойынша тұрғын үй алады.    

Екінші тоқсандықтың қорытындысы бойынша:

– тіс протездеу қызметі 70,0 мың теңге жалпы сомасына 5 ардагерге  көрсетілді;

– тұрғын үй жөндеуге 2366,1 мың теңге жалпы сомасына ҰОС-ның 9 қатысушысына көрсетілді. 

– бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді басылымдарына жазылу 39 адамға ұйымдастырылды – 241,8 мың теңге жалпы сомасына.

– 1246 ардагер, соның ішінде ҰОС-ның 139 қатысушысы 16203,0 мың теңге сомасына коммуналдық қызметтерді төлеуге материалдық көмек алды; ҰОС-ның 2 қатысушысы 45,4 мың теңге жалпы сомасында отынмен қамтамасыз етілген.  

Қиын өмірлік жағдайға түскен қарт адамдарға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, тіршілік әрекет жағдайлары жасалады, күтіммен, медициналық қызмет көрсетумен, оңалтумен қамтамасыз етіледі, бос уақытты өткізу мен демалыс ұйымдастырылады.

 Бұл үшін облыс бойынша қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанында 22 әлеуметтік көмек бөлімшесі және ауылдық округтерде 99 бөлімше қызмет етеді.

3 ведомстволық бағынысты мекеменің базасында («Ардагерлер үйі» облыстық оңалту орталығында, Павлодар және Ақсу қалаларының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы) күндізгі бөлімшелер ашылды, мұнда ай сайын 100-ге жуық адам оңалту курсын өтеді.

Стационар, жартылай стационар жағдайында және үйде әлеуметтік қызмет  727 адамға көосетілді, соның ішінде ҰОС қатысушылары – 26 адам, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 16 адам, тыл еңбекшілері – 662 адам, еңбек ардагерлері – 5 адам.

827 медициналық тексеру өткізілді, соның ішінде ҰОС қатысушылары – 17,  жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар – 228 адам, тыл еңбекшілері – 582 адам.

ҰОС мүгедектері оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілді (гигиеналық құралдар, есту аппараттары).


18/07/2017 460