Павлодар облысында өнеркәсіптік туризмді дамытуды жоспарлап отыр

Павлодар облысының кәсіпорындары жаңа туризм түрінің аясында жоғары назар объектілеріне айналуы мүмкін. Аппараттық жиын барысында кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан Рыспеков  айтып өткендей, өнеркәсіптік туризм – әлемдік тренд.

 – Жаңа туризм түрі аймақтың алдыңғы қатарлы өндірістеріне экскурсия жасауды меңзейді. Бұл көптеген кәсіпорындар үшін өндіретін өнімдерін жарнамалаудың жақсы мүмкіндігі, – деді спикер. – Батыс Еуропа елдерінде өнеркәсіптік туризм жиырма бес жыл бұрын пайда болды. Германиядағы BMW зауытына жыл сайын 250 мың турист экскурсияға келеді. Қазақстанда екі күрделі құрылыс объектісі Гиннес рекордтар кітабына енді: шатыр пішінді ең үлкен ғимарат ретінде – Хан Шатыр, әлемдегі ең үлкен түтін құбыры бар – Екібастұздық ГРЭС-2. Бұл және басқа да алюминий зауыты, Екібастұздағы майнинг-орталығы, «Богатырь» көмір разрезі сияқты объектілерді  жаңа туризм түрінің аясында жоғары назар объектілеріне айналдыруға болатын еді, – деп санайды ведомство басшысы. 

Сонымен қатар Дастан Рыспековтың айтуынша бүгінгі күні Павлодар облысының барлық көрікті жерлерінің тізімі мен сипаттамасы берілген, туристік ұйымдар, қонақ үйлер және фотобанктер туралы ақпарат орналасқан, Android платформасында жұмыс істейтін смартфондарға арналған Pavlodar Travel мобильді қосымшасының жасалғанын айтты. Жұмыс барысында мобильді қосымша керекті ақпаратпен толықтырылып, қазақ және ағылшын тілдеріне аударылатын болады. Қазіргі таңда қосымшаны  IOS платформасына бейімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.


07/11/2018 362