Павлодар облысында астық жинау науқаны аяқталды

Павлодарлық диқандар ел бойынша алғашқылардың бірі болып астық жинауды аяқтады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді және бұршақ дақылдарының өнімділігі әр гектардан 10,5 центнерді құрады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2019 жылы Павлодар облысындағы егін жинау алаңы 87 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі уақытта егіс алқаптарынан 790 мың тонна астық жиналды.

– Біздің механизаторлар астық жинауды толығымен аяқтады, ауа райы қолайсыз болғанын ескерсек, көрсеткіштер жақсы, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Садыбеков. – Барлық өңір бойынша жалпы егін жинау алаңы 1,1 миллион гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6% – ға артық. Биылғы жылы бидай егуге 530 мың гектар бөлінген. Орташа өнімділік гектарынан 10,5 центнер болса, жалпы түсім 538 мың тоннаны құрады. 2018 жылы гектарына 11,2 центнерден астық жинау 511,5 мың тоннаға жетті.

 

Мамандардың айтуынша, дәнді дақылдарды өңдеу және өсіру кезінде павлодарлық фермерлер қазіргі заманғы ресурс үнемдейтін технологияларды қолданды. Сонымен қатар, жабдықтар мен адам ресурстарын дұрыс бөлудің арқасында павлодарлық астық өсірушілер республикада бірінші болып егінді жинады.

 

–  Сондай-ақ, павлодарлық шаруалар 17,9 мың гектарға картоп жинауды аяқтады, – деді Нұрлан Садыбеков. – Орташа өнімділік гектарынан 320 центнер болса, жалпы түсім 550 мың тоннаны құрады. Көкөніс 5,9 мың гектар алқапта жиналды. Мұнда жалпы түсім 200 мың тоннаны құрады. Шөп дайындау аяқталды. Орташа өнімділік гектарына 9 центнерді құрады, 60,5 мың тонна пішендеме дайындалды. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бір жарым жылдық шөп қорын дайындауға мүмкіндік берді.

Жыл басынан бері Павлодар облысының шаруашылықтары лизинг бойынша 100-ден астам техника алды. Сондай-ақ, барлық фермерлер жеңілдетілген жанар-жағармай материалдарын алды. Күзгі дала жұмыстарына шаруашылықтарға құны 175 теңге тұратын 21 мың тонна дизель отыны берілді.


07/10/2019 134