Павлодар облысында коммуналды қызметтерді уақытылы төлемегені үшін үстемақы қосылмайды

Бұл міндеттемелерді “Павлодарэнергосбыт” ЖШС, “Екібастұзэнерго” ЖШС, “Горводоканал” МКК, “Ақсу-Жылусервисі” МКК және “АқсуСуАрнасы” ЖШС өздеріне алды.

Аймағымыздың ірі коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары еліміздегі төтенше жағдай режимі орнаған уақыт аралығында қолданушылар төлемеген қызметтер үшін үстемақы қоспауды шешкен. Сондай-ақ, электр қуаты, су мен мен жылу қызметтерін ұсынатын компаниялар коммуналды төлемдерді кейінге шегеру мәселелерін жекелей қарастырады.


24/03/2020 2,065