Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарында жеке үй пайда болады

Тең құқылы серіктестер болу үшін үкіметтік емес ұйымдар тек мемлекеттік бюджет қаражатына сене бермей, біліктілік деңгейін арттыру керек, – деді аймақ басшысы азаматтық форум барысында. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы белгілі бір нәтижеге көзделуі тиіс,- дейді облыс әкімі Болат Бақауов.

-Біздің ортақ мақсатымыз флешмобтарды өткізу емес, нақты әлеуметтік мәселелер мен міндеттерді орындау болуы қажет. ҮЕҰ-мен тиімді жұмыс істеу мақсатында жылдың соңына дейін аймақта облыстық Үкіметтік емес ұйымдар үйі ашылады. Оның көмегіне ұйымдардың өздері, белсенді азаматтар мен еріктілер жүгіне алады.

Аймақ басшысы айтып өткендей өңірлік ҮЕҰ-лардың көбі белсенді, әрі еңбекқор болып табылады. Осы қасиеттер жұмыста жетістіктерге жетуге көмектеседі. Алайда бірқатар қиындықтар да туындауы мүмкін. Қазіргі таңда қалалық аймақтармен салыстырғанда ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдар әлдеқайда баяу дамиды. Бұл мамандардың жетіспеушілігіне және олардың біліктілік деңгейлерінің төмендігіне байланысты. Осы мәселені шешу үшін әкімдіктерге белсенді ҮЕҰ-ларды іздестіру мен қолдау жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берілді. Болат Бақауов айтып өткендей ұйымдардың бір бөлігі қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу үшін емес, бюджеттік қаражатты игеру үшін жұмыс істейді. Соған қоса облыста мемлекеттің қолдауынсыз әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген ұйымдар да бар. Осылайша «Клуб добряков Павлодара» жылдың басынан бастап 143 млн теңгеге көмек көрсетті. 

– Павлодарлықтардың мұқтаж адамдарға пәтерлері мен үйлерін тегін пайдалануға берген істері бізді өте қуантады, – деп бөлісті аймақ басшысы. – Әлеуметтік желілерден біз олар жасап жүрген игі істердің бір бөлігімен ғана таныспыз. Біз тіпті олардың барлықтарының түрлерін де білмейміз, бірақ олар күн сайын адамдарға көмектесіп жүр. Сонымен қатар алғыс сөздері өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлес қосып жүрген ауған соғысы ардагерлеріне, жергілікті соғыстар қатысушыларына, интернационалист-жауынгерлер әскери тобына айтылды.

– Бүгін біздің ҮЕҰ-лар қоғамда болып жатқан барлық үрдістердің белсенді қатысушысы мен тең құқылы және жетілген серіктес ретінде қалыптасқаны жөнінде нық сеніммен айта аламыз, – деді Болат Бақауов. – Осындай тығыз байланыстың арқасында ғана біз алға қойған мақсаттарға жетеміз.

Суретті түсірген – Ольга Бугаева


08/11/2018 205