Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың 2019 жылғы 15 ақпандағы облыс халықпен есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистеріне ақпарат

 

2018 жылы Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайларында дамытудың жаңа мүмкіндіктері», 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Қазақстан халқына Жолдауларында және 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталды.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2018 жылғы 9 ай ішінде номиналды тұлғалауда 135,4 млрд. теңгеге ұлғайған облыстың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1724,1 млрд. теңгені құрады. Жалпыреспубликалық көлемде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы 4,2%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері 2101,0 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 7,7%-ға (1951,5 мың теңге) жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада 7-ші орында.  

 

ӨНЕРКӘСІП

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1960,6 млрд. теңгені, НКИ – 104,8%-ды құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 373,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2017 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 101,2%, соның ішінде: көмір және лигнит өндіру – 103,5%.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 1250,7 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 105,6%-ды құрады.

Келесі салаларда өсу серпіні қамтамасыз етілді: кокс және мұнай өндеу өнімінің өндірісі115,9%, машина жасау – 114,9%, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 111,2%, химиялық өнеркәсіп өнімдері – 109,4%, металлургия өнеркәсібі – 101,7% (оның ішінде: қара металлургия – 102,7%), тамақ өнімдері өндірісі – 102,9%, өзге металл емес минералды өнімі – 101,8%.

Заттай тұлғалауда өндірістің оң серпіні байқалуда: бензин – 10,7%, газоилдер – 19,8%, ферроқорытпа – 3,1%, жіксіз құбырлар – 20,8%-ға, металл құрылымы – 3,6 есе, әр түрлі модификацияланған крандар – 1,5 есе.

Электр жабдықтауда, газ, бу беру және ауаны алмасты-руда өндіріс көлемі 322,7 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 108,4%. 

Облыстың электр станцияларымен сағатына 45,55 млрд. кВт. электр энергиясы өндірілді, бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 10,1%-ға жоғары.

Жылу энергиясын өндіру 15,0 млн. Гкал құрады (2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда – 102,1%).

Сумен жабдықтау саласында 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда шығарылған өнімнің көлемі 13,4 млрд. теңгені немесе 106,8%-ды құрады.

 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-ның екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустриялан-дыру және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау карталары бойынша 868,2 млрд. теңге инвестициялар көлемімен және 7126 жұмыс орнын құрумен 35 жоба іске асырылуда.

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері 713,2 млрд. теңгеге 27 жоба, соның ішінде 2018 жылы 70,6 млрд. теңге инвестиция көлемімен 8 жоба іске қосылды, жұмыс орын саны – 1128.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Облыста Инвестицияларды тарту жөніндегі 2018 жылға арналған жоспар іске асырылды. Барлығы 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде облыста 473,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Салым құрылымында едәуір үлес салмағын меншікті қаражат иеленуде – 64,4% немесе 304,6 млн. теңге.  

Салалық құрылымда ең үлкен көлемге өңдеу өнеркәсібі ие – 28,5% немесе 134,9 млрд. теңге. Облыс аталған инвестициялар бойынша республикада 2-орында.

Жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық имиджін жетілдіру мақсатында облыстық Инвесторлар кеңесі, Өңірлік үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, инвестор күні өткізіледі, алыс және жақын шетелде Роуд-Шоу ұйымдастырылады.  2018 жыл ішінде әр түрлі елдің инвесторларымен 29 кездесу өткізілді.

 

 «ПАВЛОДАР» АЭА

 «Павлодар» АЭА 29 қатысушысы тіркелді, соның ішінде 2018 жылы тіркелген 3 жаңа қатысушы: «Новопэк» ЖШС (полипропилен орам өнімдерін өндіру), «Ертіс Нефте Сервис» ЖШС (қоспалар өндіру) және «ARS SOIL» ЖШС (тыңайтқыштарды өндіру).

АЭА аймағында барлығы 10 кәсіпорын жұмыс істейді. АЭА құрылғаннан бастап аталған кәсіпорындар жалпы сомасы  71,0 млрд. теңгеге өнім шығарды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы кәсіпорындар 31 млрд. теңгеге өнім шығарды (2017 жылы –  19,2 млрд. теңге).

КӘСІПКЕРЛІК

2019 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет ететін субъектілерінің саны 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 6,1%-ға ұлғайды және 43,8 мың бірлікті құрады.

2018 жылғы 1 қазанға ШОК-тің жұмыспен қамтылғандар саны  131,4 мың адамды (108,5%) құрады. 

2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 2,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға –  2,2 млрд. теңге.

2018 жыл ішінде Бағдарлама шеңберінде сомасы 6640,6 млн. теңгеге 159 жоба мақұлдады.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкеркерлікті дамытудың бағдарламасы бойынша жобалардың екінші бағыты шеңберінде сомасы 2,42 млрд. теңгеге 451 жоба мақұлданды.                       

 

ТУРИЗМ

Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 82-сі – турагенттік қызметті жүзеге асыратын компания, 9-ы – туроператорлық. Статистика деректері бойынша облыста 101 туристік орналастыру объектісі, соның ішінде 65 қонақ үй және 36 орналастырудың басқа орындары (демалыс үйлер, хостелдер) бар. Бөлмелердің жалпы саны – 7002 төсек-орынды бір реттің сыйымдылықпен 2837 бірлік.

Облыстың туристік маршруттар және соқпақтардың тізілімінде 86 туристік маршрут, оның ішінде 65-і сакралды жерлер бойынша жұмыс істейді.  

2018 жылы Баянауыл курорттық аймағы Қазақстан Республикасы Елді туристификациялаудың топ-10 басымды жобаларға қосылды, бұл туристік аймақты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Орналастыру орындарының қызмет көрсетілген келушілердің жалпы саны 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде – 113 664 адамды құрады, оның ішінде резиденттер – 106771 адам, резидент еместер – 6893, бұл  2017 жылдың ұқсас кезеңінен 3,5%-ға көп (109 790 адам). Көрсетілген қызметтер көлемі 1,65 млрд. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 227,0 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104,3%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс ауданы 1302,2 мың гектарды құрады. Жарма, майлы және азық дақылдарының егісі кеңейді.

403,2 мың га жерде ылғал ресурсын сақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдар егісі ауданының 43%-ын құрады.

Облыста 58,1 мың га суарылатын жер пайдаланылады. Тамшылатып суару 494,0 га ауданда қолданылады.

2018 жыл ішінде облыс ауыл шаруашылық тауар өндірушілер сомасы 8,1 млрд. теңге сомаға жаңа ауыл шаруашылық техникасының 591 бірлігін және құралдарын сатып алды.

 Пысықтағаннан кейін орташа  өнімділік салмақта 11,0 ц/га болған кезде дәнді-дақылдарды жалпы жинау 795,5 мың тоннаны құрады.  

517,9 мың тонна картоп (орташа өнімділік – 291 ц/га), 200,8 мың тонна көкөніс (290 ц/га), 84,2 мың тонна бақша дақылдары (294 ц/га), 147,6 мың тонна майлы дақылдар (6,9 ц/га) жиналды.

Астықты сақтау және өңдеу мақсатында 7 астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін 302,1 мың тонна сыйымдылығымен 124 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.

2019 жылғы астықта шаруашылық жүргізуші субъектілер 124,3 мың тонна немесе жоспарлы қажеттіліктен 103,7% жаздық егістің ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын септі.

 Мал шаруашылығында қожалықтардың барлық санаттарында 96,5 мың тонна тірідей салмақтағы ет (103,9%), 382,1 мың тонна сүт (103,3%), 214,4 млн. дана жұмыртқа (125,9%) өндірілді.  

ІҚМ басының саны 410,4 мың басты (2017 жылға қарағанда 104,5%), қой – 475,4 мың басты (102,0%), ешкі – 61,5 мың басты (101,5%), жылқы – 165,6 мың басты (110,2%), шошқа – 71,1 мың басты (113,9%), құс – 1623 мың басты (115,3%) құрады.

2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4569 бас ІҚМ сатып алуға кредит берілді,  Ресей Федерациясынан 1857 бас ІҚМ жеткізілді.

ҰҚМ бойынша 12352 бас қой сатып алуға кредит мақұлданды және берілді, нақты 6325 бас ҰҚМ сатып алынды.

«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде  1348,8 тонна ет өнімі экспортталды (жоспардан 135%).

204 дайындау пункті және 266 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді. 2018 жылы облыс бойынша 17 қайта өңдеу объектісі іске қосылды.

Облыс жергілікті жерде өндірілген негізгі тамақ өнімдерімен 80%-ға қамтамасыз етілген (ұн, жармалар, макарон өнімдері, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы).

2018 жылдың қорытындысы бойынша АӨК-те 15,3 млрд. теңге сомаға 55 инвестициялық жоба іске асырылды, 300 жұмыс орны құрылды.  

Едәуір ірі жобалар: 3106 басқа 6 сүт-тауар фермасы, шошқа кешені-репродуктор.

2018 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Астана қаласында павлодарлық өндірушілердің қатысуымен екі жәрмеңке өтті, 260 млн. астам теңге сомаға өнім сатылды. Жәрмеңкелерге облыстың барлық аудандарынан қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы құрылымдарының 100-ден астам кәсіпорны қатысты.

Облыста 121 ӘКК тіркелді, соның ішінде сүт бағыты бойынша – 32, ет – 67, басқа бағыттар бойынша – 22.

 

СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ

Сыртқы сауда айналымының көлемі 2018 жылғы қаңтар-қараша ішінде 3795,5 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 143,9%), соның ішінде экспорт – 2888,9 млн. АҚШ доллары (173,2%), импорт – 908,5 млн. АҚШ доллары (93,5%). Сауда теңгерімінің сальдосы оң болып қалыптасты және 1980,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыстың үлес салмағы республиканың жалпы тауар айналымы көлемінде 4,5% құрады.  

Тауарлардың негізгі топтары бойынша экспорттың өсуі байқалуда: металлургия – 3,5 есе, химиялық сала өнімі – 1,1 есе, минералды өнімдер – 2,4 есе.

Павлодар облысы дүниежүзінің 75 елімен сауда операцияларын жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда жасау көлемі 2018 жылғы қаңтар-қараша ішінде 1648,6 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 128,0%), соның ішінде экспорт – 1020,3 млн. АҚШ доллар, импорт – 628,3 млн. АҚШ доллар.

2018 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша өңір ЕАЭО елдерімен тауар айналымы бойынша көш бастаған төрттікке кірді, бұл ретте ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша облыс 2-орынды иемденді.

 

САУДА

Облыстың сауда желісі бөлшек сауданың 8707 объектісімен ұсынылған. 1639 сауда орны бар 30 нарық жұмыс істейді.

Есептік кезең ішінде жалпы ауданы 10,2 мың ш.м. 16 жаңа стационарлық сауда объектісі  іске қосылды, инвестициялар көлемі – 639,0 млн. теңге.

2020 жылы аяқтау мерзімімен 1 санатты 2 ірі сауда объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды (объект ауданы 10 мыңнан астам ш.м.). Жобаның жалпы құны – 5,3 млрд. теңге.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде бөлшек сауда айналымы 371,9 млрд. теңгені құрады (өсу қарқыны – 102,9%). 

Облыста заманауи сауда форматтарына көшу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде ауданы 2 мың шаршы метрден асатын 12 ірі дүкен жұмыс жасайды.  

Қолма-қол ақша төлемей есеп айырысатын дүкендер саны артып келеді. 2018 жыл ішінде POS-терминалдары бар сауда кәсіпорында-рының саны 4001 объектіні құрады.

 

ИНФЛЯЦИЯ

2018 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі      105,4%-ды құрады (ҚР – 105,3%).

Азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 5,0%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 6,2%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 5,1%-ға өсті.  

Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізінен барлық тауарлық топтар бойынша республикалық орташа деңгейден төмен болып сақталуда.  

2019 жылғы 1 қаңтарға облыста республика бойынша 1 сұрыпты ұнның, күнбағыс майының, қарақұмық жармасының, картоптың, қызылшаның, сәбіздің, орамжапырақтың ең төмен бағалары тіркелді.

99 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтан-дыру мақсатында 2018 жыл ішінде 643 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 2,1 млрд. теңге өнім сатылды.

 

БАЙЛАНЫС

Байланыс қызметтерінен түскен табыс 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 13,5 млрд. теңгені құрады (2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 100,9%).

Облыста барлық елді мекендер телефондандырылды, оның ішінен 345-і Интернет желісіне шығумен қамтамасыз етілді.

2018 жылы облыстың «Қазақтелеком» АҚ Успен ауданында жалпы қашықтығы 21 км болатын Успен-Қозыкеткен талшықты-оптикалық байланыс желісін салды.

          

КӨЛІК

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде облыста жүкті көлікпен тасымалдау көлемі (т/ж көлігін есепке алмағанда) 134,6 млн. тоннаны құрады (2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 101,1%), жүк айналымы – 35,2 млрд. ткм (100,2%). 1,23 млрд. жолаушы тасымалданды (100,7%), жолаушы айналымы 0,2%-ға өсті.

Облыстың барлық қалалары мен аудандық орталықтарында автовокзалдар мен автостанциялар жұмыс істейді (3 автовокзал, 6 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 7 пункті).

59 ішкі облыстық, 58 қалалық және 29 ішкі аудандық бағыттан тұратын жолаушылардың сапар желісі жұмыс істейді. Сонымен қоса, 14 облысаралық және 12 халықаралық бағыт жұмыс істейді.

2018 жылы ішкі аудандық әлеуметтік маңызы бар 29 бағытты субсидиялауға облыс қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 38,1 млн. теңге игерілді.  

Жалпы алғанда, облыстың барлық ауылдық елді мекендері тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған.  

2018 жылы облыс ішкіоблыстық маршруттар автотасымалдаушылар автокөліктік құралының 159 бірлігі немесе тұрақты маршруттарда жұмыс істкейтін автокөлік құралдарының жалпы санынан 33,5%-ы жаңартылды.  

 Теміржол тасымалдарын қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Павлодар жолдар бөлімінде  44 жеке пункті, оның ішінде 35 станция, 5 разъезд, 1 басып озу пункті және 2 жол посттары бар.

Азаматтық авиация саласында 2018 жылы Павлодар қаласының әуежайы 362,4 тонна жүк жасады. Жіберілген жолаушылар саны 89,4 мың адамды құрайды.

Өзен көлік саласында «Павлодар өзен порты» АҚ 2018 жылы 594,8 мың тонна көлемде жүктер тасымалданды, бұл 2017 жылғы көлемнен 56,6%-ға көп.  

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы «Центр-Восток» дәлізі шеңберінде жалпы қашықтығы 313 шақырым автомобиль жолдарының 8 учаскені қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді (191 шақ. Астана-Павлодар оның ішінде 116 цементбетонды жабыны және 99 шақ. қиыршықтастас-мастикалық асфальтбетон, 122 шақ. Павлодар-Семей).

Қашықтығы 106 шақырым автожолдардың 3 учаскесін пайдалануға берілді, соның ішінде Астана-Павлодар учаскесі бойынша 30 шақ., 76 шақ. – Павлодар-Семей және ЖПУ. 2019 жылға ауысатын объектілер:

– Астана – Павлодар а/ж 235-259 шақ., оң жолақ бойынша өтуді қамтамасыз ету жоспарлануда;

– Қызылорда – Павлодар а/ж 1206-1251, 1251-1297 шақ. сол жолақ бойынша өтуді қамтамасыз ету жоспарлануда;

– Қызылорда – Павлодар а/ж 1297-1343 шақ., 2019 жылы оң жолақ бойынша учаскенің барлық қашықтығында өтуді қамтамасыз ету жоспарлануда;

 –  Павлодар – Семей а/ж 541-587 шақ., пайдалануға беру жоспарлануда.

 

ҚҰРЫЛЫС

2018 қаңтар-желтоқсан ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 196,8 млрд. теңгені немесе 2017 жылға қарағанда 102,4%-ды құрады.

2018 жылы облыста 1079 объект пайдалануға енгізілді, оның ішінен 888-і – жаңа ғимарат.  

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 284 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы деңгейден 17,4%-ға артық.

Облигациялық қарыздар есебінен кредиттік тұрғын үй салу бойынша жалпы ауданы – 82,7 мың ш.м. 12 тұрғын үй (1001 пәтер) пайдалануға берілді.

«Халықтың әлеуметтік-осал топтарына жалдамалы тұрғын үй салу» бағыты бойынша ауданы 15,7 мың ш.м. 3 тұрғын үйді (188 пәтер) салу аяқталды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша барлығы 27 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  

 

ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ

2018 жылы облыс жылуэнергетикалық жүйесін дамытуға 7,6 млрд. теңге жіберілді. ТҮКШ объектілерінде және әлеуметтік салада күрделі жөндеу және ағымдағы қуаттылығы сағатына 100 Гкал дейін 26  бірлік қазандық жабдықты ауыстыру орындалды.

Жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу уақытында ақталды, барлық 333 қазандық, білім берудің 645 объектісі, 337 денсаулық сақтау және 334 әлеуметтік объект  дайындалды, барлық әлеуметтік объектілерде қатты отынның қажетті қоры бар.

Барлық жылу көздері облыстың қалалар мен аудандарында штат тәртібінде жұмыс істейді, отынның нормативтік қорлары бар, әлеуметтік объектілер және тұрғын үйлер температуралық кестелерге сәйкес жылумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі.

Облыс электрстанцияларда және облыс энергия беру ұйымдарда негізгі электр жабдықтауды қайта құру және жаңғырту жүргізілуде. 2018 жылы ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ қуаттылығы 1              25 МВт № 6 турбина пайдалануға берілді, бұл станцияның қуаттылығы 15 МВт-қа ұлғайды.   

Кәсіпорындардың қаражаты есебінен 2130,5 шақ. электрмен жабдықтау желілері және 758 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді.

2018 жылы электр энергияны өндіру  45,55 млрд. сағкВт құрады (2017 жылы – 41,3 млрд. сағкВт).

Павлодар облысында электрэнергияны тұтыну 19,3 млрд. сағ.кВт немесе өндірудің жалпы көлемінен 42,2%-ды құрады, республиканың барлық өңірлеріне жеткізу – 22,6 млрд. са.кВт (49,5%), Ресей Федерациясына экспорт – 3,7 млрд. сағкВт (8,2%).

Жылу энергиясын өндіру көлемі 15,0 мың Гкалды құрады (2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 102,1%).

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін жаңғыртуға 764 млн. теңге жолданды.  

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін дамытуға 3,5 млрд. теңге бөлінді. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 15,3 млрд. теңге бөлінді. 

 

АБАТТАНДЫРУ  

2018 жылы 252 балалар ойын алаңдарын жөндеу және жайғастыру,  2086 шағын сәулет формаларын орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 56 спорт алаңы орнатылды, 246 алаңішілік аумақтар жайғастырылды, 12853 м. көше қоршаулары орнатылды және жөнделді, қоғамдық көліктердің 381 аялдамасы жайғастырылды және жөнделді, көше жарықтандырудың 162 мың шақырым желілері қайта қалпына келтірілді, 8850 шамдал орнатылды және жөнделді.

 Сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және жайғастыру бойынша іс-шаралар шеңберінде 14 скверді жайғастыру және 276 сквер мен саябақты ұстау орындалды, 129378 мың ағашты отырғызу жүргізілді, соның ішінен 97707 ағаш бюджеттен тыс қаражат есебінен. 62 179 шаршы метр гүлзарларды және 986 шаршы метр көгал алаңдарды орнату орындалды.

Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қолдау үшін 187 санкцияланбаған қоқыстарды жоюмен аумақты тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

БЮДЖЕТ

2018 жылы мемлекеттік бюджетке 283,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 2018 жылғы жоспарға қарағанда 101,5%, республикалық бюджетке 167,4 млрд. теңге (жоспарға қарағанда 101,2%), жергілікті бюджетке – 116,3 млрд. теңге (101,8%) қаражат аударылды.

Облыс бюджетінің шығындары 226,2 млрд.теңгеге немесе 99,7%-ға атқарылды. Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 53,2 млрд.теңгеге (53,2 млрд.теңге бөлінді) немесе 100,0% игерілді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК

Екібастұз және Павлодар қалаларында көше жарығы толық жаңғыртылды. 

Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада, Павлодар қаласының № 1 және Екібастұз қ. қалалық ауруханаларда  компьютерлік томографтар орнатылды. Облыстың 12 ауруханасында анестезиология и реанимация бөлмелері толық жаңғыртылды.

2018 жылы Черноярская жемчужина демалыс үйінде сауықтыру қызметін облыстың 1353 зейнеткері алды.

МЖӘ шеңберінде Павлодар қаласында 881 баланы қамтумен 6 жеке меншік балабақша ашылды.

 

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

354 ауылдық елді мекен ішінен 105 АЕМ орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 52 ауыл – кешенді блок модулі (КБМ) қондырғыларынан тазартылған суды қолданады, 189 ауыл – құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан алынатын ауыз суды пайдаланады. 8 ауыл әкелінетін сумен қамтамасыз етілуде.

2018 жылы жерасты суларының қоры бекіту үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде іс-шараларды іске асыруға 293,5 млн. теңге игерілді, 23 елді мекенде қорлар бекітілді.  

Жалпы сомасы 15,3 млрд. теңге ауылдық сумен жабдықтаудың 37 жобаны салу және және қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді (халық саны 59,2 мың адам).

21 объект бойынша жұмыстар аяқталды. АЕМ-нің орталықтандырылған сумен жабдықтауға колжеткізу көрсеткіші 23,8%-дан 29,7%-ға дейін өсті (сапалы ауызсумен қосымша 38,7 мың адам қамтамасыз етілді).

 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

2018 жылы табиғат қорғау іс-шарасын іске асыруға облыстық бюджеттен 530,0 млн. теңге бағытталды. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 9,5 млрд. теңге сомаға табиғатты қорғау іс-шараларын орындады.

Ертіс өзеніне көктемде жіберілетін суға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Бұдан басқа, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік су жіберілді.

Қайнар көзден Алға ауылына дейін Тюлька өзенінің ағынын қайта құру бойынша жобаны іске асыру аяқталды. Аталған жобаны іске асыру елді мекендердің сумен қамтамасыз етілуі, өңірдің агрошаруашылығын, су тәртібінің тұрақтануына, ихтиофауналар мекендеу ортасын жақсартуға және өзен ағынының экологиялық жүйесін жақсартуын көтерді.

Баянауыл ауданы елді мекендерді су апатынан қорғау үшін Ащысу өзенін түбін тереңдету және тазалау бойынша жобаны іске асыру басталды.  Аталған жобаны іске асыру 13 ауылдық елді мекенді су басудан төтеп беруді, сондай-ақ аумағы 6,7 мың га жайылма суарудың су басу шарттарын жақсартуға  мүмкіндік береді.  Жем-шөп базасымен кемінде 51,2 мың бас ІҚМ қамтамасыз етілетін болады.

2018 жылы 36 кәсіпорынмен кең таралған пайдалы қазбалар кенін әзірлеуге 47 келісімшарт жасалды. Қатты пайдалы қазбаларды әзірлеуге 23 жер қойнауын пайдаланушымен 23 келісімшарт жасалды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2018 жылы ішінде 4119 аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 81,6 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді.

 6977 аз қамтылған азаматқа жалпы сомасы 277,6 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

1695 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, оқу орындарының 749 түлегі жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасты.

14 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматтарға жалпы сомасы 116,0 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

2018 жылдың басынан Жұмыспен қамту орталықтары және Павлодар облысының ауылдық округтер әкімдерімен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекке өтініштерді қабылдау  жүргізілуде.

2018 жылы мүгедектерді оңалтуға 251,9 млн.теңге бағытталды.       Жыл қорытындысы бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігі 82,2%-ға орындалды. Оңалтудың кәсіби бөлігінің орындалуы 92,5%-ды құрады.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 3096 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,7%-ды құрады.

2018 жылы облыста 13331 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 9260-ы тұрақты. Облыс бойынша жұмыспен қамту шараларымен 28692 адам қамтылды (жылға арналған жоспарға қарағанда 130,3%), соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша – 6848 адам.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2018 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады (республика – 4,8%).

 

ХАЛЫҚТЫҢ КІРІСТЕРІ

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2018 жылғы 3-тоқсанда  93578 теңгені немесе 2017 жылғы 3-тоқсанға қарағанда 109,5%-ды құрады. Шынайы ақшалай табыс 3,5%-ға өсті.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 136889 теңгені немесе 108,2%-ды құрады.

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесі 362 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті (101,4 мың оқушы), 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2018 жылы 2709 адам қатысты.                    ҰБТ-ның орташа балы – 90,96 құрады.

 Мектептердің компьютерлік паркі 20,4 мың бірлікті құрайды. Тұтас алғанда облыс бойынша бір компьютерге 5,0 оқушыдан келеді. Облыстың барлық мектептері кең жолақты Интернетке қосылған.

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен жарақталу облыс бойынша 100%-ды құрайды.

2018 жылы білім берудің 74 объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, Ақтоғай ауданының Жаңабет а. Ныгманов атындағы және Тереңкөл ауданының  № 1 ЖОББМ және А.Ельгин атындағы, Екібастұз қаласы ауылдық аймағының Зеленая роща а. Шідерті ЖБМ мектептерде жапсаржай салынды. Бұдан басқа, жас натуралистер алғашқы станциясы аумағында орналасқан «Ақсу» жаңа балалар технологиялық орталығы пайдалануға берілді.

Апатты және үш ауысымды мектептер жоқ.

Балалар мен жасөспірімдерді дамытуды және ұйымдастырылған ойын-сауығын қамтамасыз ету үшін облыста 75 қосымша білім беретін ұйым, 11 қала сыртындағы жазғы лагерь жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары оқушыларының құрамы 22,1 мың адамды құрайды, оның ішінен колледждердің 13,5 мыңнан астам студенті 82 мамандықтары бойынша тегін білім алуда.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша облыстың алты коллед-жінде республиканың оңтүстік өңірлерінен 460 студент білім алуда. 2018 жылы аталған жоба бойынша түлек 174 адамды құрады.   

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 421 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (39,1 мың бала), соның ішінде 172 балабақша және 249 шағын орталық.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 80,1%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды.

Баянауыл ауданы Майқайың кентінде «Нұрбөбек» балабақшасын салу, Тереңкөл ауданының Львовка а. шағын орталық, Павлодар қ. «Baby Star kz» ЖШС жеке меншік шағын орталық, Екібастұз қ. «Сәби City» ЖШС жеке меншік шағын орталық ашу есебінен мектепке дейінгі мекемелерде 275 орын ашылу қосымша қамтамасыз етілді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 335 медициналық ұйым есептеледі, онда 2544 дәрігер және 6575 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.

2018 жылы Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында дәрігерлік амбулатория және Павлодар қ.а.а. Мойылды а. фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді.

2018 жылы облыста 11743 бала туды, туу көрсеткіші 2017 жыл-мен салыстырғанда 1,4%-ға кеміді және 1000 адамға шаққанда 15,6 құрады.    

Тұтас алғанда облыс бойынша қатерлі ісік өскіндерінен ауру көрсеткіші 6,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 296,6), туберкулез – 4,5%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 46,9) төмендеуі байқалуда.

2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласында 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансер-дің және ауысымына 100 адам қабылдайтын емхананың құрылысы жалғастырылуда.

2018 жылы денсаулық сақтаудың 12 объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

 

МӘДЕНИЕТ

2018 жылы Павлодар қаласының Төменгі жағажайда амфитеатр және Баянауыл ауданының Теңдік ауылында 200 орынға арналған мәдениет үйі салынды. Павлодар қаласы ауылдық аумағының  Кенжекөл ауылында, Железнодорожный к. және  Жаңаауыл кентінде мультимедиялық музеу кешені, мәдениет үйлерін салу жалғасуда.

9 мәдениет объектісіне 357,1 млн. теңге сомаға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. 

2018 жыл ішінде облыстық халық шығармашылығы орталығы «Шаңырақ» мәдени-демалыс қызметі және облыстық филармония 515 іс-шара өткізді. 

Облыс музейлері 3990 экскурсия, 1421 дәріс өткізді, 817 көрме ұйымдастырды, 529 экспонат сатып алды.

Облыс театрлары 381 қойылым, соның ішінде 78,9 мың көрермен қамтумен 14 алғашқы қойылым қойылды.

Кітапханалардың компьютерлік паркі 686 бірлікті құрайды, 125 кітапхана (54,8%) Интернет желісіне қосылды. 2019 жылғы                              1  қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша кітапханалар қызметін 425,8 мың оқырман пайдаланды.

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ

Облыстың спорт объектілері мен имараттарының желісі барлық жеке меншік түрінің 3519 бірлігін қамтиды, соның ішінде 1962 – ауыл-да. 2018 жылы облыс бойынша 50 жаңа спорт объектісі пайдалануға берілді.

28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шамамен 24 мың адам шұғылданады.

2018 жыл ішінде халықаралық санаттың 14 спорт шебері және Қазақстан Республикасының 68 спорт шебері дайындалды.

Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыс-тардан 1480 медаль жеңіп алды, соның ішінде: 480 алтын, 510 күміс, 490 қола.

Облыстың 6 спортшысы Пхенчхан қ. (Оңтүстік Корея) спорттың үш түрі – биатлон, шаңғы жарыстары, шорт-трек бойынша 23-Қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысты.

Облыстың 8 спортшысы 2018 жылы Джакарта қ. (Индонезия) 18-ші Жазғы Азиаттық ойындарға спорттың 6 түрі бойынша қатысты және жеңіл атлетика, велоспорт және еркін күрес бойынша 3 қола медалін алды.

Облыста барлығы 208,9 мың адамды қамтумен 1,5 мыңнан астам бұқаралық-спорт іс-шарасы өткізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 230,8 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 30,5%-ын құрады.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыста 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 163,0 мың адамды құрайды (облыс халқының жалпы санынан 21,5%), оның ішінен 126,7 мың адам қалаларда, 36,3 мың адам ауылда (жастардың жалпы санынан 28,7%) тұрады.

2018 жылы облыстық Жастарға қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары өзекті мәселелер бойынша жастарға 113 мыңнан астам консультация берді, оның ішінен 82 мың іштей, 31 мың – онлайн.  

2018 жылы 113 жұмыс берушімен келісімдер бойынша оқу орындарының 259 түлегіне жастар тәжірибесі ұйымдастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарға – 125 адам жұмысқа орналасты.

2018 жылы «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде облыстың ауылдық елді мекендеріне 349 маман келді.

Кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 353 адам өтті.

2018 жылғы наурыздан бастап өз қызметін бірінші Павлодар облысында IT-Center бастады. Жұмыс істеген уақыт ішінде «IT-центр» 4 топ шығарды (40 адам).

2018 жылы барлығы 68 мыңнан астам адамды қамтумен 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді.

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

Полиция органдары өткізген жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындылары бойынша 2018 жыл ішінде қылмыс деңгейі 7,3%-ға төмендеді, тіркелген қылмыстар саны 9849 құрады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жалпы ашушылық жақсарды – 85,5%-дан 87,7%-ға дейін.

Өңірдің жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар 2018 жылы жол-көлік оқиғаларының санын 3,3%-ға, онда жараланғандар санын 0,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ

Облыста 698 ҮЕҰ жұмыс істейді, азаматтық сектордың 200-ге жуық өкілі өз қызметін белсенді іске асыруда.

Этносаралық, тіл және діни қатынастарды сақтау және нығайту үшін 24 облыстық этно-мәдени бірлестік қызметі қамтамасыз етіледі.

Облыстық, қалалық және аудандық қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңесі, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ақсақалдар, жастардың кеңестері жұмыс істейді.

 Жыл сайын Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау шеңберінде ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобалары-ның конкурсы өтуде.

2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 136 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды.

17 облыстық кәсіподақ ұйымының, 1380 бастапқы кәсіподақ ұйымының қызметі белсенді жүзеге асырылуда.

Облыста Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың 6 филиалы жұмыс істейді: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясы, жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы және «Бірлік» партиясы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және алға жылжыту шеңберінде Павлодар облысында 7000 мыңнан астам адамды жалпы қамтумен 800-ден аса іс-шара өткізілді.

Облыста әр түрлі меншік нысанындағы 94 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.


05/02/2019 200