Павлодар облысының әкімі: ысырап етуге жол берілмейді

Болат Бақауов қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және жоспарлау үшін жауапкершілік шараларын күшейтуді тапсырды.

 

Павлодар облысының әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп беру кезінде бюджеттік ақшаға ұқыпты қарау туралы айтты. Болат Бақауов тіпті мемлекеттік органдар тарапынан ысырап ету мысалдарын келтірді.

– Баянауыл ауданы мен Ақсу қаласында оқулықтарды сатып алуға ақша салынған жоқ, бірақ қызметтік тұрғын үйді жөндеуге қаражат қарастырылған, – деп атап өтті аймақ басшысы. – Көктөбе ауылындағы Майский ауданында сапасыз жобалар анықталды, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес негізгі құбырлар жалпы ұзындығы 14 километрге созылған, бірақ шын мәнінде 24 шақырым қажет етеді, суды бұру жұмыстары есепке алынбаған, үйге арналған құбырлар – тек 400 үйге есептелінген, ауылда 1083 үй бар болса да, тағысын – тағы.  Мұндай ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біз жобаларды іске асыруда түпкілікті нәтижеге қол жеткізуіміз керек.

Айта кету керек, бюджет көлемі 252 миллиард теңгені құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда ол 1,5 есеге немесе 86 миллиард теңгеге өсті. Бұл ретте даму бюджеті шамамен 4 есеге өсті және бүгінгі күні 61 миллиард теңгеден асады. Жарты жылдың қорытындысы бойынша өңір мемлекеттік бюджетке 137 миллиард теңге түсімін қамтамасыз етті, оның 59% – ы немесе 80,5 миллиард теңгесі республикаға жіберіледі.

 

 


16/07/2019 156