Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Азамат Нығматұлы Нығматов – Павлодар облысы мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылау басшысы

Азамат Нығматұлы Нығматов 1979 жылдың 11 қарашасында Павлодар облысының Ермак қаласында туылған.

2002 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлеккеттік университитін аяқтады.

Еңбек жолын 2003 жылы «Павлодар қаласы көріктендіру басқармасы» ММ-сі  экология және көгалдандыру бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2003 жылдың 7 қарашадан «Павлодар қаласы көріктендіру басқармасы» ММ-сі   өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан 2012 жылға дейін «Павлодар қаласы тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі және автомоюильді жолдар бөлімі» ММ-сінде көріктендіру объектілерін пайдалануға беру бөлімінің міндетін атқарушы лауазымынан бастап,  «Павлодар қаласы тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі және автомоюильді жолдар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары болып қызмет етті. 2012 жыл мен 2017 жылдар аралығында  «Павлодар облысының табиғат ресурстары және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары, «Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары, «ЖБИ СТРОЙ АСТАНА» ЖШС-і бас директоры, «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі және автомоюильді жолдар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары, «Павлодар өзен порты» АҚ басқару төрағасының кеңесшісі сияқты лауазымдарда жұмыс атқарды. 2017 жылдың 18 қыркүйектен 2017 жылдың 8 желтоқсанға дейін «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2017 жылдың 8 желтоқсаннан бүгінгі күнде «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сі басшысы лауазымында қызмет атқаруда.

Үйленген, екі ұл баланы тәрбиелеп отыр.

 


26/06/2017 820