Павлодар облысының тұрғын үй қоры туралы

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысының Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің мәліметтері бойынша тұрғын үйлердің саны – 74394 бірлікті құрады, бұл ретте олардың жалпы алаңы – 16230,7 мың шаршы метр, тұрғын алаңы – 10310 мың шаршы метр.

Жеке үйлердің саны 54243 бірлік немесе үйлердің жалпы санынан 73%, көп пәтерлі үйлердің саны – 20151 бірлік  немесе 27% . Қалалық елді мекендерде 26380 үй, ауылдық жерде 48014 үй тіркелді. Меншік нысаны бойынша жалпы алаңынын 5,5% мемлекеттік меншікке, ал 94,5% жеке меншікке жатады.

Барлық пәтерлердің саны – 273,6 мың бірлік, оның ішінде қалалық елді мекендерде – 208 мың бірлік немесе жалпы пәтерлер санынан 76%, ауылдық жерде – 65,6 мың бірлік немесе 24%.


12/07/2019 86