Павлодар облысының тұрақтандыру қорында 1,4 мың тоннаға жуық азық-түлік бар

Жақын арада тұрақтандыру қорына жалпы құны 754 миллион теңгені құрайтын 4,7 мың тонна өнім сатып алу жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде өңірдің тұрақтандыру қорында 14,8 тонна тауық жұмыртқасы, 195 тонна картоп, 75 тонна сәбіз, 63,5 тонна пияз, 750,5 тонна бірінші сұрыпты ұн, 3,3 тонна күнбағыс майы, 41,4 тонна күріш, 5,1 тонна қарақұмық жармасы және 208 тонна қант бар. Қажет болған жағдайда бұл өнімдер өңірдің ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендері арқылы сатылымға шығарылады. Айта кету керек, Павлодар облысында әлеуметтік сауда орындарының санын 196-дан 300-ге дейін арттыру көзделіп отыр.

Өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын мониторингілеу бойынша жедел желі жұмыс істеп жатыр. Өз хабарламаларыңызды 8(7182)787816 телефон нөмірі және 87056092074 WhatsApp
мессенджері арқылы жолдауға болады.


24/03/2020 2,031