Павлодарда «Қазақтану» жобасы бойынша республикалық лекторий өтті

Облыс орталығындағы Достық үйінде «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының шеңберінде республикалық лекторий өтті. Жобаның кураторлары – Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің айтуынша жобаның мақсаты еліміздегі барлық этностарды қазақ халқының ұлттық тарихы мен мен мәдениетімен таныстыру болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатовтың айтуынша «Қазақтану» жобасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ың XXVI сессиясында ұсынған еді.  

 

– Елбасы халықты қазақ ұлттық мәдениеті мен тарихы, ділі мен тілі аясында біріктіру қажеттігін айтты, – деді Шерзод Пулатов. – Жоба екінші жыл қатарына жүзеге асырылып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру керектігін айтты. Осы бағытта да Ассамблея жүйелі жұмыс атқаратын болады.  

Өңірлік ҚХА-ың құрамындағы финн-угор этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Николашина «Қазақтану» жобасы арқылы өзге этностар қазақ халқының тарихымен жете танысады деп есептейді.  

– Қазақстанда туып-өскен азамат ретінде маған қазақ халқының салт-дәстүрлері өте жақын, – деді Ольга Николашина. – Біздің этностардың салт-дәстүрлері өте ұқсас. Мордовияда да қазақтардағыдай көп балалы отбасылар үлкен құрметке ие.  

Лекторий аладғы үш күнге созылып, қатысушылар Павлодардағы ЖОО-да, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Баянауыл ауданында дәріс оқиды.

 

 


06/09/2019 25