Павлодарда Ertis Daryny жастар сыйлығы табысталды

10 номинация бойынша жеңіске жеткен 20 жеңімпаздың әрқайсысына  500 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, үш жас азаматқа «Жыл үздігі» номинациясында дипломдар берілді.  

Ertis Daryny байқауы үш кезең бойынша өтті. Біріші кезеңде қатысушылар конкурстық комиссияның байқауына өздерінің құжаттарын тапсырды. Әр номинация бойынша 10 қатысушы іріктеліп алынды. Бұдан кейін интернет арқылы дауыс беру кезеңі өтті. Дауыс беруге 67 мың адам қатысты. Әділқазылар алқасы дауыс беру бойынша көш бастағандардың қатарынан әр номинация бойынша екі кандидатты жеңімпаз ретінде таныды.  

 

 

Марапаттау рәсімін әлемге өзінің ән ремиксімен танылған дарынды жас музыкант Иманбек Зейкенов ашты. Ол және «Қазақстан аруы 2019»  Мадина Батық пен «Мисс Павлодар 2018» Сәния Темірханова арнайы «Жыл үздігі» номинациясы бйоынша марапатталды. Оларға сыйлықтарды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов табыстады.

 

 

Байқаудың қорытындысы бойынша «Мәдениет» номинациясында Оразбек Бақытхан және Нелли Рерих жеңіске жетті. «Кәсіпкерлік» номинациясында Валерия Наркизова мен Дархан Мұзафаров үздік деп танылды. «Өндіріс жұмыскері» номинациясы бойынша Дәурен Тайкебаев пен Гүлмарал Махабил жеңіске жетті. «Ерлігi үшін» номинациясындағы сыйлықтар Рамазанов Мансұр мен Болатов Әлібекке бұйырды. «Қоғамдық қызмет» номинациясында Құсайынов Әйтім мен Қошқарбаев Батырбек үздік болды. «Эстрада» номинациясында Жұмабаев Рүстем мен Шапағат Назымгүл жүлделі болды. «Білім» номинациясында Есім Аяна мен Матай Қымбат жеңіске жетті. «Еріктілік» номинациясындағы жүлделер Құрманова Аяжан мен Сәрсембина Лаураға бұйырды. «Журналистика» номинациясының үздіктері деп Вишневская Вероника мен Қабылденова Құндыз танылды. «Спорт» номинациясында Оқасов Саятбек пен Залюбовская Александра жеңіске жетті.  

 

 

Марапаттау концертінің аранйы қонақтары ретінде кешке мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Бақытбек, эстрада әншісі Бейбіт Қорған және «Домино» тобы қатысты. Олар жеңімпаздарға сыйлықтарын табыстады.  

 

 

 

 

 

 

 

 


27/11/2019 83