Павлодарда «Инвесторлар үйі» ашылды

Түрлі мемлекеттік мекемелер, қаржылық институттар мен қоғамдық ұйымдар орналасқан ғимаратта қызметтер «Кәсіпкерлікке арналған Үкімет» принципі бойынша көрсетіледі.  

Астана күні қарсаңында Павлодарда кез келген кәсіпкер мен ірі инвестор үшін қызмет көрсететін кеңсе ашылды. Бұл жерде олар өз жобаларын ұсынып, оларды талқылай алады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін бір ғимараттың ішінде «Павлодар» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті адмыту қоры, «ҚазАргоҚаржы», «Аграрлық кредиттік корпорация», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ың, екінші деңгейлі банктердің  филиалдары, түрлі компаниялар мен коммерциялық ұйымдар орналастырылды.

 

Павлодар обылсының әкімі «Инвесторлар үйінде» қызмет көрсету залында болып, «Бизнсеке арналған Үкімет» концепциясымен танысты. Аймақ басшысы Павлодар обылсында өңірді дамытып, қаржы құюға ниет білдірген әр инвесторды құшақ жая қарсы алатынын атап өтті. Болат Бақауов Инвесторлар үйінің ашылуының нәтижесінде мемлекеттік органдар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне одан сайын жақын болатынын атап өтті.

 

 

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі   


05/07/2019 182