Павлодарда латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары басталды

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу, Тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары және қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары басталды.

Шараның мақсаты – жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету.

Курстар «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген латын әліпби бойынша өткізіледі. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы санында жарияланған 2018 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен мақұлданған «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» қолданылатын болады.

Курстарға мемлекеттік қызметшілер, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері және барлық санаттағы азаматтар қатысуда.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


29/01/2019 232