Павлодарлық үш атлет-мықтылар қатарынан!

Павлодар командасы өткен демалыс күндері Нұр-сұлтан қаласында өткен BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA турнирінің эстафетасында жеңіске жетті.

70,3 мильдегі қашықтықты Василий Звонарев, Павел Гацкий және Александр Колонда 3 сағат 58 минутта жеңіп шықты. Спортшылар әр елден 100-ден астам команданы басып озып, алтынға қол жеткізді.

BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA турнирінің басталуына Павлодар облысынан 20-ға жуық спортшы шықты. Олардың арасында “Ironman” жарысының тұрақты қатысушысы Александр Хитров және дене шынықтыру, спорт және туризм аймақтық басқармасының басшысы Марат Айдашев бар.

– Барлықтарыңызды осы спорт мерекесімен құттықтаймын, осы қашықтықты өткендер үшін бұл үлкен жетістік, – деді Марат Айдашев. – Эстафетада жеңіске жеткен команданы құттықтаймын. Павлодарлықтар үшінші жыл қатарынан осы жарыстарда үздік үштікке еніп, биыл бірінші рет жеңімпаз атанды.

BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA турнирі әлемнің 50 елінен 1400-ден астам қатысушы жинады. Турнирдің белгілі қатысушыларының арасында веложарыстан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, Олимпиада ойындарының қатысушысы, триатлоншы Екатерина Шатная, Удмурт республикасының басшысы Александр Бречалов және Ресей триатлон федерациясының президенті Петр Иванов және басқалар болды. Жүгіріске Рго категориясының атлеттері де қатысты. Олардың қатарында Тим Дон, Нильс Фромхолд, Даниил Сапунов және басқалары бар.

Фото Ольга Музалевская


15/07/2019 170