Польшалық инвесторлар Павлодар облысында жаңа дата-орталық салуға мүдделі

Әлемнің бес елінде өкілдігі бар MineBest LLC компаниясының өкілдері дата-орталықтың құрылысына 50 миллион долларға жуық қаражат салмақшы. Компанияның жоспарлары туралы оның басшысы Эяль Аврамович  Павлодар облысының әкіміне айтып берді. 

Компанияның жоспарлары туралы оның басшысы Эяль Аврамович  Павлодар облысының әкіміне айтып берді.  

– Майнингтік криптовалютаның әлемдік нарығында біз 2007 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеміз. Қазақстан біздің басты стратегиялық әріптестеріміздің бірі, – деді MineBest LLC директоры Эяль Аврамович. – Біздің компания «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркеліп үлгерді. Бұл қадам бізге Қазақстанда ресми жұмыс істеуге мүұмкіндік береді.   

Кездесу барысында Эяль Аврамович дата-орталықтың жұмысы үшін арзан электр энергиясы қажет екендігін айтты. Сонымен қатар, ол әлемдік майнингтің көлемінің 70%-ы Қытайда өндірілетінін атап өтті. Алайда, ҚХР криптовалюта өндіруді тоқтатуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Казақстан мен Екібастұзға майнинг нарығында өз орнын табуға көмектеседі.  

 

– Біз қуаттылығы 1150 кВт-ты құрайтын «KEGOC» АҚ-ың екібастұздық бөлімшесіне қосылуды ұсына аламыз. Алайда, оған қажетті жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу 7-8 айға созылуы мүмкін, – деді Болат Бақауов. – Екібстұздағы №1 МАЭС-ке қосылуға да болады. Бұл нұсқа бойынша жоба 90% дайын тұр. Станциядан үш шақырымдай жерде дата-орталықты орналастыруға қолайлы жер учаскесі бар. 

Кездесу соңында аймақ басшысы әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


05/09/2019 77