Президенттің алғысына ие болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан педагогтарға наградаларды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов табыстады.  Қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін кәсіби мерекенің құрметіне Мемлекет басшысы еліміздің үздік педагогтарының қызметін алғыс хаттармен атап өтті.

Олардың қатарында өңіріміздің бес педагогы да бар. Мемлекет басшысы қол қойған алғыс хаттарды №2 Ертіс орта мектебінің бастауыш сынып мұналімі Жанат Камалова, Баянауыл ауданы Қ. Сәтбаев атындағы оқу-тәрбие кешенінің тарих мұғалімі Қайриден Мұзафаров,  Тереңкөл ауданының Қ. Оспанова атындағы №3 қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Құсни Исмаилова, Павлодар ауданы Шақат орта мектебінің биология мұғалімі  Сағынтай Смайылов және Екібастұз қаласының  С. Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Күлбаршын Сейітова алды.

 

 – Президенттің алғыс хатына ие боламын деп ойлаған да жоқ едім, – дейді Құсни Исмаилова. – Мен 34 жыл бойы орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп келемін. Оқушыларым көптеген зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларда топ жарып жүр. Еңбегімнің осынадй жоғары деңгейде ескерілгені қуантады.

 

Ұстаздарға награда тапсырған аймақ басшысы павлодарлық мұғалімдердің еліміз бойынша алдыңғы қатарда екендігін атап өтті.

– Бар еңбегін шәкіртіне аранған біздің ұстаздарды мақтан тұтамын, – деді Болат Бақауов. – Балаларға білім беріп, қоршаған ортамен таныстыру үшін белгілі дәрежедегі дағдылармен қатар аса зор талант иесі болу керек. Біздің өңіріміз болашақта да алдыңғы қатарлдардан көрінеді деп сенемін.

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев


07/10/2019 37