Салық демалысы: Павлодар облысында  кімдерге жеңілдік жасалады

427 ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен спорт объектілері  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығынан бір жылға босатылатын болады. Сондай-ақ жалпы белгіленген режимде жұмыс істейтін 758 жеке кәсіпкер үшін де салықтық  жеңілдіктер қарастырылған.

Бұдан басқа төтенше жағдай режимін енгізу жұмысына әсер еткен бизнес объектілері үшін салық мерзімін өткізіп алғанына өсімпұл есептеу бір тоқсанға тоқтатылды. Сондай-ақ III тоқсанның  салық есептілігін тапсыру мерзімі ауыстырылатын болады.

ШОБ субъектілерінің өздеріне жалға берілген коммуналдық меншік объектілері бойынша жалгерлік ақысын есептеу 3 ай мерзімге тоқтатылды. Облыс әкімінің тиісті қаулысының 388 кәсіпкерге қатысы бар.

Квазимемлекеттік сектордағы субъектілер үшін де жалгерлік ақыны есептеу тоқтатылды.

Әр қала мен ауданда бизнес субъектілерінің, оның ішінде тәуекел аймағындағы бизнес субъектілерінің қызметін бақылайтын мониторингтік топтар жұмыс істейді.

Мұндай кәсіпкерлердің тізімі жасалды. Оның 158-і білім беру объектілерін ыстық тамақтандыру саласында, 7- спорт, мәдениет және білім беру орындарындағы буфеттер, кофе автоматтарын ұйымдастыру саласында жұмыс істейді. Тағы 6- жаттығу залдары мен кеңсе орынжайлары.


25/03/2020 2,158