«Сарыарқа» шағын ауданындағы ескі үйлерден көшкісі келмеген тұрғындар құрылыс жұмыстарының кеш басталуына себеп болды

Ескі үйлердегі пәтерлерін жаңа үйлердегі қонысқа айырбастағысы келмеген тұрғындардың кесірінен павлодарлық мердігер фирмалар құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімнен кеш бастады. 

 

Облыстық әкімдікте өткен жиналыста құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисов бірнеше ескі үйдің тұрғындары жарты жылға жуық уақыт үйлерінен көшкісі келмегенін айтты. Сондықтан да, ескі үйлерді бұзып, жаңа үйлерді тұрғызумен айналысатын құрылысшылар жұмысты уақытында бастай алмады.

– Мердігер жұмысты өткен аптада ғана бастады, – деді Рүстем Раисов. – Қазіріг кезде екі қабатты ескі үйлерді бұзу жұмыстары жүріп жатыр.

Кей жағдайда жұмыстың кешеуілдеуі құрылысшылардың кінәсінен де болып отыр. «Саырарқа» шағын ауданындағы №27 үйді «СК Строитель» ЖШС-і шілде айында тапсыруы қажет болатын. Алайда, серіктестік үйді екі айға кешіктіріп тапсыратын түрі бар. Сондытқан, шенеуніктер материалдар әзірлеп, компанияны сотқа беріп отыр. Болат Бақауов әсіресе панельді үйлер тұрғызумен айналысатын «ДСК Монтаж» ЖШС-ің басшылығына қатты шүйлікті.

– Адамдар осы фирманың кесірінен «Сарыарқа» шағын ауданындағы жұмыстарды бір жыл кешіктіріп аяқтауымыз мүмкін екендігін білуі керек. Біз бұл жұмыстарды 2020 жылы аяқтауымыз керек болатын, – деді аймақ басшысы. – «ДСК Монтаж» ЖШС-і өздері салып жатқан бір үйді де мерзімінде тапсырған емес.  Әне, «ГСУ Курылыс» ЖШС-і кірпіштен үйлерді тезірек қалайды, оған қарағанда панельден үй салу тезірек жүруі керек емес пе?  

Облыс әкімі осы аптада мерзімі кешіктіріліп жатқан құрылыс учаскелерін аралап шығуға уәде берді.  

– Бәрін құрылыс алаңында қарап шығамын, — деді Болат Бақауов құрылысшылар мен бағыныштыларына. – Әр үйді тезірек бітіру қажет. Бұл жұмысты қара күзге қалдырмай, қазір шешу керек. Сонда ғана, біз келесі жылға нақты мақсат-міндеттер қоя аламыз.

 

Суретті түсірген Валерий Бугаев


13/08/2019 40