Спорт – өмір!

Павлодар облысының әкімі аймақтың үздік спорт ардагерлері, жаттықтырушылары мен спортшыларын дәстүрлі марапаттау салтанатына қатысты.

Кездесу Жастар бастамаларын қолдау орталығында өтті. Болат Бақауов спортшыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтай отырып, осы жылдың аймағымыз үшін ерекше болғанын айтып өтті.  

– Павлодар спортының тарихында алғаш рет облыстың алты спортшысы XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына, 3 спортшы Жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, – деді аймақ басшысы. – Сондай-ақ, біз спортшыларымыздың XVIII Жазғы Азиада ойындарында және Индонезияда өткен III параазиялық ойындарында көрсеткен жақсы нәтижелерінің куәсі болдық. 

Кейін Павлодар облысында ерекше нәтижеге ие болған спортшылар мен жаттықтырушылар құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен және басқа да сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар спорт ардагерлері мен БАҚ өкілдері аталып өтті.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев 


29/12/2018 432