Таңғы ас үстіндегі іс-шаралар жайлы әңгіме

Болат Бақауов Павлодар облысының кәсіпкерлерімен таңғы ас үстінде  іс-шаралар жайлы кездесу өткізді. Өңір басшысы аймақтағы ШОБ субъектілерінің белсенді дамуы үшін атқарушы билік өз жұмысында қай тұсын жетілдіру керектігін кәсіпкерлерден білу мақсатында галстуксыз кездесу ұйымдастырды.

 

Іскерлік таңғы асқа 80-нен астам адам жиналды. Олардың қатарында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар басшылары, сондай-ақ кішігірім ЖШС және жеке кәсіпкерлер басшылары болды.

– Біз шағын және орта бизнеске қалай көмектесу керек деген бір ғана мәселені қозғадық, – деп мәлімдеді облыс әкімі. – Сондықтан мен әрбір кәсіпкерден сұрарым: ШОБ өкілдері белсенді және тиімді жұмыс істеуі үшін бізге не істеу керек? Біз жеке сектормен қолдау мен ынтымақтастықтың барлық нұсқаларын қарауға дайынбыз. Сіз кез келген сұрақ қоя аласыз, ал біз жақын арада оларға жауап береміз.

Кәсіпкерлерге осындай кездесу форматы ұнады. Олар мемлекеттік органдардың өкілдеріне өздерінің мәселелерін ғана емес, сондай-ақ тілектерін де айтты.

– Бизнеске мұндай кездесулер қажет, себебі бізде мемлекеттік қызметкерлерге айтарымыз көп, – дейді “Ertis Business Association” кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аслан Кунияров. – Сондықтан біз Павлодар облысы басшылығының кәсіпкерлер алдында барлық есіктерді ашу ниетін толық қолдаймыз.

Кездесуге Нұр-Сұлтаннан келген қонақтар да қатысты. Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов экспортты ілгерілетуге қатысты мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

 

– Кәсіпкер веб-сайттарда немесе баспа өнімдерінде қандай да бір қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алған кезде, қосымша сұрақтар туындайды,-деді ол. -Сондықтан біз мұндай бейресми жағдайдағы кездесулерді қолдаймыз, ол жерде бизнесмендермен қандай да бір сәттерді талқылауға, олармен шағын лайфхактармен бөлісуге болады. Кездесулер әрдайым әлдеқайда тиімді.

Облыс әкімі кәсіпкерлер айтқан барлық сұрақтарға жақын арада жауап беруге уәде етті. Галстуксіз кездесулерді тоқсанына бір рет өткізуге уәде берді.

 

Фото Валерия Бугаева


05/06/2019 111