Тамаша қысқы спорт түрі

Баянауыл ауданындағы тау-шаңғы базасы Павлодар облысы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып келеді. Мырзашоқыдағы кешенге барған аймақ басшысы Болат Бақауов мұнда халықтың көп келетіндігіне көз жеткізді.

Павлодар облысының әкімі тау-шаңғы базасына келушілермен сөйлесіп, өзі де трассадан сырғанап көрді.

Мырзашоқыдағы тау-шаңғы кешеніне павлодарлықтар ғана емес, өзге өңірдің, тұрғындары, мәселен, қарағандылықтар да келеді екен.

Сонымен қатар, Болат Бақауов кешенді басқаруға алып, оның дамуына инвестиция құйғысы келетін «Мырзашоқы Қаражар» ЖШС-ің өкілдерімен сұхбаттасты. 

Демалыс күндері тау-шаңғы базасына жүздеген адам келеді. Өткен жексенбіде Мырзашоқыға үш жүздей тау шаңғы спортының әуесқойлары келді.


25/02/2019 424