Телефонизация

Қазіргі уақытта облыста барлық 365 ауылдық елді мекенітелефонмен жабдықталған, одан 354 – интернет желісіне қосылумен қамтамасыз етілді (11 қамтылмаған).

          Анықтама үшін:

               – Екібастұз қ. а.а. – Бескауга, Құрылысшы;

               – Баянауыл ауданы – Шоман, Көкдомбақ, Александровка, Мұрынтал, 1 мая;

               – Железин ауданы – Жаңажулдыз, Жамбыл, Жаңабет;

               – Шарбақты ауданы – Бозалан.

               Жергілікті телефон байланысы 100% цифрандырумен қамтылды, яғни барлық үйлескен телефон станциялары цифрлыққа ауыстырылды.

               Барлық қалалар және аудан орталықтары талшықты-оптикалық байланыс желісімен (ТОБЖ) қамтамасыз етілді.

               Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ Павлодар, Ақсу, Екібастұз және Павлодар облысының 89 АЕМ қамтиды.  

               Анықтама үшін:

               – саны 500 тұрғынға дейін – 16 АЕМ.

               – саны 1000 тұрғынға дейін – 29 АЕМ.

               – саны 1000 тұрғыннан артық – 44 АЕМ, бұл республика бойынша жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Ағымдағы жылы Успен ауданында «Қазақтелеком» АҚ филиалымен ұзындығы 21 шақырым Успен-Қозыкеткен талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды.

Басқарма білім және денсаулық сақтау басқармаларымен, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ бірге білім және денсаулық сақтау объектілерінде Интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізді. 

Қазіргі уақытта барлық 362 мектеп мекемесі және 344 денсаулық сақтау объектісі Интернет желісіне қосылды және интернет жылдамдығы 4 Мбит/с және одан жоғары.

Ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқарту мақсатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тұрғындар саны 50 және одан да көп ҚР елді мекендерін Интернет желісін кең жолақты мүмкіндікпен қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді.

Жоғарыда аталған жол картасы аясында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша мүмкіндігімен қамту» мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы іске асырылуда. Павлодар облысында 34 АЕМ қамтылатын болады.

Анықтама үшін: «Қазақтелеком» АҚ 2018-2019 жж.  9 ауылдық елді мекенінде және 36 бюджеттік ұйымда (Кеңтүбек а., Малайсары а., Қаратерек а., Жолболды а., Андриановка а., Башмачное а.,  Шақа а., Парамоновка а., Константиновка а.),2020 жылы 20 АЕМ ТОБЖ салу, 62 бюджеттік және мемлекеттік ұйымды қосу (Ивановка а., Қараоба а., Березовка а., Алакөл а., Веселая Роща а., Валиханов а., Михайлово а., Прииртышск а., Жаңа Жұлдыз а., Байзаков а., Қызылжа а., Луговое а., Северное а.,Федоров а., Набережное а.,  Мамаит Омаров ат. а., Шиқылдақ а., Галицкое а.; Қоңыр Өзек а.

 


09/07/2019 92