ТМД Миссиясының бақылаушылары

Новосібір делегациясы өңірдегі сайлау учаскелерінің техникалық жабдықталуын жоғары бағалады. Бұл туралы ТМД миссиясының өкілі Ольга Благо хабарлады. – Новосібір облысынан келген біздің делегация Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге Халықаралық бақылауды жүзеге асырдық, – деп әңгімелейді сұхбаттасушы. – Біз өңірдің 65 сайлау учаскесінде болдық. Біздің топ Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен аудандарда бақылау жасады. Біз барған барлық учаскелерде әр түрлі партиялардың, қоғамдық ұйымдардың бақылаушылары, кандидаттардың өкілдері қатысқанын атап өткім келеді. Сайлау ұйымдастыру шаралары жоғары деңгейде өтті.

ТМД миссиясының өкілі қазақстандық сайлау тарихында алғаш рет өңірдегі барлық учаскелердің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі үшін жабдықталғанын атап өтті.

-Арбамен жүретін мүгедектер үшін де барлық жағдай жасалғанын, сондай-ақ нашар көретін және нашар еститін мүгедектер үшін арнайы жабдықталған орын қарастырылғаны таң қалдырды. Қазақстанда алғаш рет учаскелер осындай ауқымда жабдықталды, – деді Ольга Благо.  Ол сондай-ақ, сайлау ұйымдастыру тәжірибесінің кейбір тұстарын ресейліктер Қазақстаннан үйренгісі келетіні туралы өз ойымен бөлісті.

– Мен Ресейде әлі болмаған, бізді қатты қызықтыратын қазақстандық тәжірибе бар екенін атап өткім келеді. Егер адам сайлау күні қандай да бір себептермен сайлаушылар тізімінде өзін алдын ала тексермей, учаскеге дауыс беруге келгенде,  оның аты-жөні тізімде болмаған жағдайда, нақты жүйе жұмыс істей бастайды. Қызмет өкілдері Павлодар облысындағы сайлау учаскесінде жұмыс істеді, өкіл сайлаушылардың өтініші бойынша, егер сайлаушы тізімде болмай шықса, сайлау күні тұрғылықты жерінде тіркеуді растайтын болады және мекен-жай анықтамалары беріледі. Осы жүйе негізінде сайлаушы бірден тізімге қосылып, оған дауыс беруге мүмкіндік беріледі. Біз үшін бұл мәселе маңызды, осы тәжірибені өз елімізде ұсынамыз, – деді Ольга Благо.


10/06/2019 90