Жаңа тағайындау

Павлодар облысында Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы ауысты. Басқарманы Александр Бабенко басқаратын болды.

Александр Бабенко Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметінде 2016 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеген Сейтжан Жұмашевты алмастырды.

Александр Бабенко 1966 жылы дүниеге келді. 1987 жылы Қарағанды КСРО ІІМ жоғарғы мектебін бітірді, 2007 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Үкіметінің Ұлттық шаруашылық академиясын тәмамдады. 1987-1992 жылдар аралығында ҚР Ішкі істер органдарында әскери қызметте болды. 1992-2008 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бақылау кеңесінің төрағасы, «Токката» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.

2017 жылдың сәуір айынан бастап 2015 жылдың мамыр айына дейін Павлодар облысының Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары және басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар ауданының әкімі болды.

Суретті түсірген Валерий Бугаев


09/01/2019 244