Жаңа тағайындау

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы болып Әлібек Несіпбеков тағайындалды. Жаңа жетекшіні облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды.

Облыс әкімі Әлібек Несіпбеков бұған дейін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары болып қызмет еткенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Павлодар облысында да қызмет еткен. 2012 жылдың тамыз-қараша айларының аралығында өңірлік кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, 2012 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылдың қазан айына дейін жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы және басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

– Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға жүктелетін міндеттер көп, – деді аймақ басшысы Несіпбековке. – Сіздің жұмысыңыздың бағыттары жетерлік: трамвай басқармасының жұмысы, тұрақтандыру қорының қызметі, мемлекеттік активтерді айналымға енгізу, проблемалық активтерді сауықтыру және бюджеттен тыс инвестициялар тарту. ӘКК инвестициялар тарту орталығына айналып, ал, оның жұмысында экономиканың басымдықты секторларында жаңа өндірістер құрып, қолда бар бәсекеге қабілетті өндірістерді модернизациялауға басымдық  берілуі тиіс.

Алібек Несіпбеков 1983 жылы дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған. Іскери әкімшілік магистрі.


10/04/2019 181