Жалынды ақын  Махамбет Өтемісұлы шығармашылығының білгірлері

 

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 2019 жылғы 27 ақпанда Х облыстық «Махамбет оқулары» өтті. Оқуларға 5-11 сыныптарының 53 оқушысы, қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысып, арасынан І, ІІ, ІІІ дипломдарына ие болған  24 оқушы озып шықты.

Конкурсқа жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, ақынның шығармаларын мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті, әрі ақындық қабілеті бар, күйлерін нақышына келтіріп орындайтын оқушылар қатысуда.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ел құтқарар ер едім» (ақын өлеңдерін жатқа оқу) бағытында І дәрежелі дипломға – Ақсу қ. Қызылжар орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кенжебаев Адильхан; ІІ дәрежелі дипломға – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Хаманай Асхат, Аққулы ауданы Жабағылы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Рахатбек Нұрсая, Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы Қали Ақерке; III дәрежелі дипломға – Павлодар ауданы Кеңес негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Шакенов Балабек, Павлодар қ. №38 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Рамазан Махамбет, Ақтоғай ауданы Мүткенов ат. орта мектебінің 9 сынып оқушысы Рымбек Абзал, Ертіс ауданы Абай орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жамбылова Мергуль ие болды.

«Тартынбай сөйлер асылмын…» (жас ақындар) бағытында І дәрежелі дипломын – Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қабиден Ділнәз; ІІ дәрежелі дипломын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Кеңжебек Әл-Фараби, Железин ауданы №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мұхаметхали Айдана, Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Абдираимов Эрназ; III дәрежелі дипломын – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл, Ақсу қ. Қызылжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мектепхан Сыдых, Ертіс ауданы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Серіг Иса, Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10 сынып оқушысы Қыдырхан Жазира иеленді.

«Ұлы арман» (ән, күй орындау) бағытында І дәрежелі дипломмен –музыкалық мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Ахат Ахмеди; ІІ дәрежелі дипломмен – Шарбақты ауданы А.Құнанбаев ат. орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хизир Нұрғиса, Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Абдираимов Ердәулет, Екібастұз қ. №18 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сериков Арман; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 7 сынып оқушысы Алимжанов Алибек, Аққулы ауданы Лебяжі орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бегжан Серікгүл, Баянауыл ауданы Қ.Сәтбаев ат. оқу-тәрбие кешенінің 9 сынып оқушысы Кеңес Сержан, Ертіс ауданы Панфилов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Киноятова Залина марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы


01/03/2019 162