Жасөспірімдердің жаңа ізбасарлары

Сегізінші жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы Павлодар облысының мектептерінен ең талантты, дарынды оқушыларды жинайды. Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес 2019 жылғы 11 қаңтарда дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде математика пәнінен VІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Жылдан жылға олимпиада қатысушыларының саны өсуде. Биыл 7-8 сыныптардан 111 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже берген оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды және Қ. И. Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадасына жолдама алды.

І орынды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Кузьмичева Элина иеленді.

ІІ орын иегерлері – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушылары Темирзинова Мерей мен Абай Диана, дарынды балаларға арналған  №8 лицей-мектебінің 6, 8 сынып оқушылары Роговский Владимир мен Шварц Максим, Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Крючков Владислав, дарынды балаларға арналған Абай ат. №10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Кенжебаева Айжан.

ІІІ орынға дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 7, 8 сынып оқушылары Галикберова Милана, Егорченков Платон, Погудина Кристина, Грицай Майя, Ибраев Алдияр, Хачунский Тимофей, Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Линник Дарья, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Аубакиров Жаслан ие болды.

Құрмет грамотасымен Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ  гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Аянбек Жанболат, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Шишкин Алексей, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушылары Жақсылық Шынғыс және Семёшкин Егор, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Қайролла Мадияр, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушылары Жанахметов Ансар және Матайбай Бекжан марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы


14/01/2019 299