Жас бағдарламалаушылар сайысы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында 2019 жылғы 1 ақпан күні өткізілген бағдарламалау бойынша VIII облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 29 оқушы бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 8 сынып окушысы Мысанов Арман, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Гончаров Матвей, Трусов Егор, Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Семкин Влад жеңіп алды; ІІ орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Васин Евгений, Аникин Федор, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Қасымхан Анай, облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 8 сынып окушысы Сулейменов Диас ие болды; ІІІ орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушылары Сарбупеев Сулейман, Косанов Адильхан, Каржаспаев Ансар, Павлодар қ. №34 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Колодин Максим, Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Каббар Ақдәулет иеленді.

Кұрмет грамотасымен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 7, 8 сынып оқушылары Садвакасов Муслим, Жеңісбек Әлихан, дарынды балаларға арналған Абай ат. №10 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Келден Алихан, Павлодар қ. №34 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Малыгин Максим, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Бейсембай Үмітжан, Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Рябицкий Влад марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы


04/02/2019 271