Жас физиктердің дәстүрлі олимпиадасы

Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында 2019 жылғы 17 қаңтар күні физика пәнінен VІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Сегіз жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы облысымыздың барлық мектептерінен ең талантты, дарынды оқушыларды жинайды. Олимпиадаға Павлодар, Ақсу, Екібастұз ққ., Павлодар облысының аудандары жалпы орта білім беру, мамандандырылған мектептерінің 75 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижені дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі көрсете алды.

І орынды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Рахимжанов Динмухамед иеленді.

ІІ орын иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6, 8 сынып оқушылары Роговский Владимир және Лим Владимир.

ІІІ орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушылары Клименко Марк, Хачунский Тимофей, Шишкин Алексей, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып окушысы Темирзинова Мерей ие болды.

Құрмет грамотасымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып окушысы Утенов Ансар және Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Линник Дарья марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы


18/01/2019 263