Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы 2019 жылғы І жартыжылдық ішіндегі ақпарат

Облыс әкімінің аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

Облыс әкімі, оның орынбасарлары және облыс әкімі аппаратының басшысы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды.

Қабылдау кестесі туралы мәлімет облыс әкімдігінің ресми сайтында және БАҚ-тың баспа басылымдарында орналастырылған. 

2019 жылғы І жартыжылдық ішінде облыс әкімінің аппаратына келіп түскен жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша өтініштерінің саны 188 өтінішті құрады (2018 жылғы ұқсас кезеңінде – 141).

Ауызша келіп түскен өтініштер саны ішінен ең көп келіп түскені тұрғын үй беру – 51, әлеуметтік қамтамасыз ету – 24, кәсіпкерлік – 23, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 10, еңбек және еңбек қатынастары – 9, несиені өтеу – 9, білім беру – 8, ауыл шаруашылығы – 8, жерді пайдалану – 8 және  басқалары.

 

Облыс әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы 188 адамды жеке қабылдады, оның ішінен 65 адамды облыс әкімі қабылдады. Тікелей қабылдау кезінде 60 өтініш иесіне түсініктеме берілді, 4 өтініш оң шешілді,           124 өтініш бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берілді.

Одан басқа, облыс әкімі халықпен кездесулерді тұрақты негізде өткізеді. Сәуір айында орталық жүйке жүйесі бұзылған мүгедек баларды тәрбиелеп отырған ата-налармен кездесу ұйымдастырылды. Мамырда және маусымда көп балалы отбасылармен және басқа да әлеуметтік осал топтармен кездесу өткізілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша «Нұр-Отан» партиясының алаңдарында қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды, онда апта сайынғы негізде түсініктеме жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мұқтаж отбасыларға әлеуметтік және материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы құрылды, іс-шаралар әзірленіп, іске асырылды.

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында облыс әкімі облыс аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының 72 ардагеріне барды.

Тұрғындармен кері байланыс танымал әлеуметтік желілер арқылы орнатылған. Тұрғындар облыс әкімінің блогына жүгінеді, ағымдағы кезеңде 4531 адам өтініш білдірді. е-gоv.kz «ашық диалог» порталында облыс әкімінің атына 92 өтініш түсті.

Облыс әкімінің инстаграмм парақшасына 28,6 мың адам жазылған, ақпан-мамыр аралығында облыс әкіміне инстаграмм әлеуметтік желісіндегі дайрект аккаунтына облыс тұрғындарынан 522 өтініш келіп түсті, оның ішінен ақпанда – 117 өтініш, наурызда – 185, сәуірде – 134, мамырда – 40 және маусымда –                  46 өтініш.

Өтініштердің негізгі бөлігі түрғын үй беруге, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға, медициналық көмекті көрсету сапасына, коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге, алименттерді өндіріп алуға, еңбек дауларын шешуге байланысты.

Тұрғындардың азаматтық позициясын жандандыру және халықпен барынша ыңғайлы және қолжетімді қарым-қатынас жасау мүмкіндігін құру  үшін облыс әкімінің бастамасы бойынша өңір тұрғындарымен бейне сауал арқылы өзара іс-қимылдың жаңа нысаны іске асырылуда.

Аталған жобаны іске асыру туралы облыс әкімі танымал әлеуметтік желілерде, соның ішінде инстаграмдағы өз аккаунтында жариялады. Сондай-ақ, азаматтардың бейне сауал арқылы жүгіну мүмкіндігі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің сайтында орналастырылды.

Сәуір айынан бастап облыс әкімі аппаратының ғимаратында бейне сауалға арналған кабинет жұмыс істейді. Бейне сауал кабинеті арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған, олар бейне сауалдарды жазып, тікелей облыс әкіміне жіберуге мүмкіндік береді. 

Барлық өтініштер өтініш жазылған күні оларды қарау үшін облыс әкіміне автоматты түрде түседі. Бейне сауал кабинеті іске асырылғаннан бастап облыс әкіміне барлығы 27 азамат жүгінді.

Қарау нәтижелері бойынша жедел түрде шешу жолдары пысықталады. Проблемалық  мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында азаматтар жеке қабылдауға шақырылады.

Тұрғындардың өздерінің проблемалық мәселелерімен және ұсыныстарымен тікелей облыс әкіміне жүгіну мүмкіндігін кеңейту үшін аталған жобаны қалалар мен аудандар әкімдіктерінде кезең-кезеңмен енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс әкімі мен оның орынбасарлары облыс аудандары мен қалаларының шалғай орналасқан ауылдарына барып азаматтарды жеке қабылдайды. Ағымдағы жылғы наурызда Тереңкөл ауданында облыс әкімінің көшпелі қабылдауы өткізілді, онда азаматтарды жеке қабылдау және тұрғындармен, соның ішінде жастармен кездесулер өткізілді. Маусым айында облыс әкімінің Екібастұз қаласындағы көп балалы отбасылармен және халықтың өзге де әлеуметтік осал топтарымен кездесу ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылғы мамыр айында облыс әкімі бес ауданға (Аққулы, Железин, Ертіс, Павлодар, Шарбақты) жұмыс сапары барысында құрметті азаматтармен, ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, жастармен, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесулер өткізді, оған 1180 аса адам қатысты. 31 мамырда Май ауданының ақсақалдарымен кездесу өтті.

Облыс әкімінің жеке қабылдауы барысында көтерілетін мәселелер мен олардың қаралуы тұрақты бақылауға алынған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен (114 өтініш) және Премьер-Министрі Кеңсесінен (29 өтініш) келіп түскен өтініштер облыс әкімінің ерекше бақылауына алынған.

Барлық өтініштерді облыс әкімі өзі қарайды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша азаматтарды жеке қабылдауға міндетті түрде шақыру немесе олармен тұрғылықты жерінде кездесу ұйымдастырумен толық түсініктеме беру  бойынша  шаралар қабылдануда.

 

 

2019 жылғы 23 сәуірден 30 маусымға дейінгі кезеңде Павлодар облысы әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесінен 21 өтініш келіп түсті.

Өңірдің тұрғындарымен көтерілетін анағұрлым өзекті мәселелер: кезектен тыс тәртіпте тұрғын үй беру, проблемалық займдарды өтеу мәселелері жөнінде, кәсіпкерлерге гранттар беру мәселелері және басқалары.

Өтініштерді объективті қарастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың басшылары барлық өтініш иелерімен кездесіп, барлық өтініштерге заңнамамен белгіленген тәртіпте түсініктемелер берді және проблемалық мәселелерді реттеу бойынша шаралар қабылдады.

Қарау барысы, сондай-ақ тапсырмаларды уақытында және сапалы түрде орындау облыс әкімі аппаратының тұрақты бақылауына алынған.

Облыстың барлық атқарушы мемлекеттік органдарында жеке және заңды тұлғаларды қабылдаудың бекітілген кестесі қадағаланып отырады. Есепті кезең ішінде облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарында қаралған жеке және заңды тұлғалардың ауызша өтініштерінің саны 2099 құрайды                     (2018 жылғы І жартыжылдық ішінде – 1321). Қалалар мен аудандардың әкімдері, олардың орынбасарлары тұрғылықты жерге бару арқылы 159 адамды қабылдады (2018 жылы – 149). Облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары 541 жеке тұлға мен заңды тұлға өкілдерін қабылдады (2018 жылы – 963).

Келушілерге қолжетімді жерлерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.

Облыстың мемлекеттік мекемелерінде азаматтардың өтініштерінің уақтылы орындалуын қосымша бақылау үшін «Бақылау сағаттары» өткізіледі, сондай-ақ сенім телефондары бар, пікірлер, өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктер орналастырылған.

 

Медициналық қызмет көрсету сапасы мәселесі ерекше бақылауға алынған. Облыстың барлық медициналық ұйымдарында облыс әкімінің атына    өтініштер қабылдаудың арнайы жәшіктері орнатылған. Облыс әкімі аппаратының қызметкерлері келіп түскен өтініштерді апта сайын жинап,   мониторинг жүргізеді. Аталған бағыттағы жұмыс көрсеткіші облыстағы   медициналық ұйымдардағы көрсетілетін қызметке жазылатын шағымдар санының төмендеуі болып табылады.

Тұрақты негізде жергілікті жерлерде бөлім басшыларымен, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың әкімдерімен және мамандарымен, қалалар мен аудандар атқарушы органдарының мамандарымен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын сақтау жөнінде семинар-тренингтер, кеңестер, құқықтық жаппай оқыту өткізілуде. Аталған тақырып                              «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалының бағдарламасына зерделеу үшін енгізілді.

Мемлекеттік жергілікті және аумақтық органдармен келісім бойынша   мемлекеттік органдардың азаматтармен өтініштер бойынша жұмыс үшін жауапты қызметкерлерінің облыс әкімінің аппаратында міндетті түрде тағылымдамадан өтуі тәжірибеге енгізіліп отыр. Есепті кезең ішінде                        31 қызметкер  тағылымдамадан өтті.  

Азаматтардың өтініштерін қарау мерзімін бұзу фактілерінің алдын алу, қарау сапасын арттыру және азаматтардың қайталанған өтініштерін болдырмау мақсатында облыс әкімдігі мен ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы арасында ведомствоаралық өзара іс-қимыл қалыптасты. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу және қарау бойынша мониторинг жүйелі негізде жүргізіледі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазпошта» АҚ-ның «ГЭП» ақпараттық жүйесі енгізілді. Осы қызметтің ерекшелігі өтініш иелеріне хабарламалар мен жауаптарды жеткізу мерзімдерін электрондық құралдарды қолдану, сондай-ақ жіберілген хаттарды тексеру арқылы қысқарту болып табылады.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша өтініштерін қарау мәселелері облыс, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарында, мемлекеттік органдар басшылығының тұрақты бақылауына алынды.

 


03/07/2019 78